Жайнаған жаздың алғашқы күні шуақты мерекемен басталады. 1 маусым – Халықаралық балалар құқығын қорғау күні Қарқаралыда мерекелік іс-шаралар өтті.

Жайнаған жаздың алғашқы күні шуақты мерекемен басталады. 1 маусым – Халықаралық балалар құқығын қорғау күні Қарқаралыда мерекелік іс-шаралар өтті.

Жалпы биылғы жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осы мақсатта ауданымыз бойынша бірқатар ілкімді шаралар көзделген.
Балалардың айтулы мерекесінде де мерекелік бағдарламалар өтті. Аудан әкімі Ерлан Бейсембайұлы аудан тұрғындары мен төл мереке иелері - жас буынды аталмыш мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Жас жеткіншектер түрлі қызықты да думанды шараларға қатысып, қамқорлық пен мейірімге бөленуде. Олар байқауларда бақтарын сынап, өз өнерлерін ортаға салды. Спорттық сайыстарға түсіп, ептіліктерін байқатты. Осы арайлы күн де біздерге өміріміздің бақыты мен шаттығы болған бал-бөбектерімізді қорғау, әлпештеу, махаббатқа бөлеуге шақырады.