ӨНЕР ИЕСІН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕДІ


Күні кеше облыс орталығында айтулы әнші, өнер зерттеушісі, белгілі кино маманы Ерлан Төлеутайдың «Атыңнан айналайын, Қарағанды» атты шығармашылық кеші өткені белгілі.
Аталмыш кешке Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын арнайы барып қатысып, сахна төрінде құттықтау лебізін білдірді. Мәди Бәпиұлының мұрасын зерттеп, дәріптеуде қосқан сүбелі үлесін атап айтып, кеш иесіне тарту-таралғы жасап, сый-сияпат көрсетті.
Е.Төлеутай өзінің саналы ғұмырын өнер саласына арнаған талант иесі. Ол – тыңдарманын сүйсінтетін әнші, өнер тарихы мен мәдениет саласын терең меңгерген білімпаз зерттеуші, қаламы қуатты қаламгер, өзіндік қолтаңбасы бар кино маманы.
Төл өнеріміздің тарихын танытқан құнды еңбектер жазып, мазмұны бай бірнеше кинотуынды түсірді. Осы салаларда әлі де жемісті еңбек етуде. «Қаз дауысты Қазыбек би», «Мәди» атты кинотундыларымен танымал.
21 желтоқсан 2022
Құттықтау