Ескертулер
30.12.2025.
Құрметті жерлестер!
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарқаралы – Қарағанды бағытындағы автомобиль жолы уақытша жабылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алыс жолға шықпауларыңызды сұраймыз.
Қосымша ақпарат хабарланатын болады.
Өз қауіпсіздіктеріңізді сақтаңыздар!
11.03.2025.
Құрметті аудан тұрғындары, ауа райының боран, қар жауатыны бойынша болжамына орай, жолға шыққанда, ауыл шаруашылығы малдарын жайылымға шығарғанда, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз!
Қауіпті жағдайға тап болсаңыз, дереу 101, 102, 103, 31366 жедел номерлеріне хабар беріңіздер!
31.01.2025.
Құрметті аудан тұрғындары, ауа райының боран, қар жауатыны бойынша болжамына орай, жолға шыққанда, ауыл шаруашылығы малдарын жайылымға шығарғанда, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз!
Қауіпті жағдайға тап болсаңыз, дереу 101, 102, 103, 31366 жедел номерлеріне хабар беріңіздер!
21.01.2025. 16:30
Ауа райының бұзылуына байланысты, "Қарағанды - Аягөз- Бұғаз" республикалық тас жолы, Қарқаралы-Ботақара бағыты жабылды. Қауіпсіздік сақтап, жолға шықпауларыңызды сұраймыз!
21.01.2025.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ауа райының болжамдары бойынша осы аптаның бейсенбі, жұма күндері күннің күрт суып, аяз көтерілуі күтілуде.
Сондықтан баршаңызды сақтық шараларды ұстануға шақырамыз. Әсіресе, алыс-жақынға жолсапарға шыққанда, мал іздеп, далаға барғанда, көліктің жарамдылығын тексеріп, жылы киініп, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыздар!
Үйді жылыту барысында пештің жағдайын бақылаңыздар және газ баллондарды суықтан үйге кіргізгенде жылытып барып, қосыңыздар!
Қатты аяздан сақ болыңыздар, ағайын!
06.01.2025.
07 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, орталығында қатты қар жауады деп күтілуде. Түнде облыстың батысы мен шығысында көктайғақ, күндік бұрқасын мен көктайғақ. Облыстың батысы мен шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Осыған байланысты, алыс және жақын сапарларда жол қозғалысы барысында барынша мұқият болып, жылдамдықты асырмай, қауіпсіздік талаптарын орындауды сұраймыз. Қауіпті жағдайға тап болсаңыз, дереу 101, 102, 103 жедел номерлеріне хабар беріңіздер!
23.12.2024.
Дауылды ескерту!
23 желтоқсанда түнде Қарағанд облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, ал күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман.
Осыған байланысты, алыс және жақын сапарларда жол қозғалысы барысында барынша мұқият болып, жылдамдықты асырмай, қауіпсіздік талаптарын орындауды сұраймыз. Қауіпті жағдайға тап болсаңыз, дереу 101, 102, 103 жедел номерлеріне хабар беріңіздер!
11.06.2024.
11 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
02.04.2024.
Облыс аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты су айдындарында су деңгейінің өсуі байқалады, су тасқыны жағдайы қарқынды өзгеруде.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына су тасқыны микробтық және вирустық ластану көздерінің суға түсу қаупі екенін еске салады. Өзендердің тасуы су сапасының нашарлауына әкеледі. Жедел ішек инфекцияларының және паразиттік аурулардың су жолымен таралу қаупі болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық этиологияның жедел ішек инфекциялары сияқты жұқпалы ауруларға қатысты.
Сонымен қатар, көптеген аурулардың тасымалдаушысы болып табылатын кеміргіштер мен ұсақ жануарлар су тасқынынан қашып, тұрғын үйлер мен ғимараттарға асығады, сондықтан адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен (лептоспироз, туляремия, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, иерсиниоз, токсоплазмоз, псевдотуберкулез және т. б.) жұқтыру қаупі едәуір артады. ✅ Толығырақ Департамент сайтынан оқыңыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/739431?lang=kk
01.04.2024.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қарқаралы-Қарағанды бағытындағы автожолдың Көктас ауылы маңында 168 шақырым жерінде жол үстінен су ағуда.
Қазіргі уақытта аталған жол бөліктерінде “Қазавтожол”мекемесі, төтенше жағдайлар бөлімі, полиция және жергілікті атқарушы органдар кезекшілік ұйымдастыруда, жол жиектері инерттік материалдармен бекітілуде, белгі жалаушалары орнатылған. Арнайы техника жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындар, волонтерлар көмек қолын созуда.
Құрметті жерлестер, жолға шыққанда абай болуды, сақтануды сұраймыз. Мүмкіндігінше түнгілік уақытта жолға шықпаңыздар!
30.03.2024.
29.03.2024.
Дауылды ескерту
30 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жауын, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
♦️Құрметті азаматтар, жаңбыр мен жел түріндегі қатты жауын-шашын кезінде қажет болмаса, ғимараттар мен үй-жайлардан шықпауға тырысыңыздар!
♦️ Көліктеріңізді ағаштардың астында қалдырмаңыздар!
ТЖ туындаған кезде (8-7212) 43-36-36, 43-37-37, 112 телефондары арқылы сұраймыз.
29.03.2024.
Бүгінгі күні Нұркен ауылдық округі Ежебай елдімекені мен Жаңатоған ауылдық округі аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдың 10-15 метр бөлігін еріген қардың суы шаюда. Осыған байланысты 27 наурыз күні сағат 21:30-да аталған жолда көлік қозғалысы жабылды.
28.03.2024.
Ауа райының қолайсыздығынан және жолдың үстінен су жайылғандықтан, "Қарағанды-Аягөз" облыстық жолының Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті бағытында көлік қозғалысы жабылды.
27.03.2024.
26.03. Қарқаралы ауданы, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолында 138 км, қарқынды қар еруі нәтижесінде ұзындығы 70 м, тереңдігі 3-5 см автожолды су басты. ДЭУ-72 (7 адам) және 2 тех.- 1 КамАЗ және 1 автобус) арқылы сол жерде жол жиегіне қаптарды төсеу ұйымдастырылды және дабыл таспалары орнатылды, екі жағынан уақытша ескерту белгілері орнатылды. Су ағып жатқан бөлікте диаметрі 600 см 2 су өткізгіш құбыры бар (үлгермеуде).
27.03.2024 жағдай бойынша су құйылу ұзындығы 50 м, тереңдігі 3-5 см жалғасуда, Орнына ДЭУ-72 бекеті (7 адам, 2 бірлік техника - 1 камаз, 1 автобус) қойылған. Жағдай бақылауда. Автокөлік құралдарының қозғалысы тоқтатылмаған.
Құрметті табиғат пайдаланушылар! Ауа-райының жылынуына байланысты мұздың белсенді еруі басталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Сіздерден су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды, көлікпен және жаяу мұзға шықпауларыңызды сұраймыз.
ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ
21 наурызда күндіз Қарағанды облысында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-50 м/с.
19–22 наурыз аралығында Қарағанды облысында құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі
Қарағанды облысында 19–22 наурыз аралығында құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.
Төтенше жағдайлар департаменті аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын «Баршаның назарына!» сигналының деңгейі бойынша тексереді. Күн сайын 19–22 наурыз аралығында сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін барлық қол жетімді дыбыстық электр сиреналары кезектесіп іске қосылады.
Аймақтың ТЖД тұрғындарды сабырлы болуға және дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауға шақырады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ
20 наурызда Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с
ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ
19 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік, оңтүстік-батыс желі соғады, екпіні 15-20 м/с
Жаңарту күні – 30.12.2025
3