2019 жылы жергілікті бюджетке 943,1 млн. теңге немесе жоспарға 124,7% салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (жоспар – 756,5 млн. теңге).
2018 жылмен салыстырғанда түсімдер 131,2 млн. теңгеге өсті.
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылуы 1 873,9 млн. теңгені немесе жоспарға 98,3%-ды құрады (1 906,0 млн. теңге бөлінді).
2019 жылы аудан бюджетінің шығыстары 8 865,5 млн. теңгені немесе жоспарға 99,3% құрады (жоспар – 8 932,3 млн. теңге).
Бюджеттің 4-ші деңгейін жүзеге асыру
Қарқаралы ауданында 1 қала, 1 кент және 23 ауылдық әкімшілік бар. Соның ішінде, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын 4 елді мекенде тәуелсіз бюджеттер бекітілді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілген бюджеттерінің көлемі 2019 жылға 681,7 млн. теңге, оның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген субвенциялар – 345,1 млн. теңгені құрады.
Бұл қаражат есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, жарықтандыру, жөндеу, жолдарды күтіп ұстау, мектепке дейінгі білім беру, басқару аппаратын ұстау және т.б. қаржыландырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілген бюджеттерінің көлемі 2020 жылға 1 283,9 мл. теңге, оның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген субвенциялар – 882,9 млн. теңгені құрады.