Темірші ауылдық округі Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығынан 180 шақырым жерде орналасқан. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Темірші ауылдық округінде 3 ауыл бар-Татан,Қарағаш және Айнабұлақ. Округтің орталығы - Татан ауылы. Татан ауылы 1964 жылы құрылған. Ауылдық округте Жалпы халық саны 1012 адамды құрайды. Мамандануы-өсімдік және мал шаруашылығын дамыту. "Темірші ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Темірші ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
| адрес | Татан ауылы, Орталық көшесі 6үй |
| Телефон номер | 87214653086 |
| Почта индексі | 100820 |
| электронды мекенжай | |
| әлеуметтік желі | https://www.instagram.com/akimat_temirshi?igsh=MXRtcjV4aGRrY3Y2Mw== |

