Қасым Аманжолов ауылдық округі Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде, Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығынан 45 км жерде орналасқан. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Қ. Аманжолов ауылдық округінде 4 ауыл бар-Ақбай Қызылбай, Белдеутас,Аққора, Сарыобалы.Ауылдық округ орталығы-Талды ауылы. Талды ауылы 1961 жылы құрылған. Мамандануы-өсімдік және мал шаруашылығын дамыту."Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Қ.Аманжолов ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, заңдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар проблеманы шешуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
| Мекен жайы | Қазақстан Республикасы, 100805 Талды ауылы, көш.Жамалиден үй 12 |
| Контакт | 87213237400 |


