Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, биылғы екінші жартыжылдықтағы есепті жиындар басталды.
Жергілікті әкім Р. Тактанов жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша хабарлама жасады.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусин, бірқатар аудандық мекеме басшылары қатысып, округте атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді Абай ауылдық округі тұрғындармен бірге талқылады.
Одан кейін кезек тұрғындардың сұрақтарына беріліп, түйткілді мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, нақты жауаптар берілді және мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, Саят Қабиденұлы сапар барысында әлеуметтік нысандарды аралап, қысқа дайындықтарын көрді.