Әкімшілік бөлімінің бас маманы ((Блок В), 1 бірлік, № 6-3, негізгі қызметкердің 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың бюджеттік өтінімін әзірлеу. Басқарманың бектілген немесе түзетілген бюджетіне сәйкес облыс әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін келісу, бекіту және оларға өзгерістер енгізу. Қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ағымдағы кезеңге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, мемлекеттік сатып алулар жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды уақытында енгізу, оны мемлекеттік сатып алудың республикалық веб-порталында орналастыру. Басқарма қызметін қамтамасыз ету үшін электрондық сатып алу рәсімдерін өткізу, веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алулар бойынша есептілікті ұсыну және уақытында көрінуін қамтамасыз ету.

Келісімшарттар, келісімшарттардың қосымшаларын, хаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізу, тауарлар, жұмыстар және қызметтердің өнім берушілерімен келісімшарттар жасасу. Тауарлар мен қызметтердің уақытында орындалуын және сапалы жеткізілуін бақылауды жүзеге асыру: бастапқы құжаттарды қабылдау, бақылау және өңдеу, есеп әзірлеу үшін бухгалтерлік мәліметтерді дайындау.

Материалдық ресурстардың пайдалануын бақылау (ЖЖМ есебі, жол парағын беру, активтерді және материалдық бағалы заттарды тізімдеу).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.05.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.05.2020 – 26.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әліханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 56-19-80