«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы (1 бірлік, №6-1)
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы
Қарағанды облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Медиация туралы» заңдарын білу.
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» КММ қызметін үйлестіру, этносаралық саладағы және медиация жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Этносаралық тұрақтылық және медиацияны қолдау тақырыптары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу. Өңірлердегі ішкі саясат бөлімдеріне, этномәдени бірлестіктерге этносаралық қатынастар және медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіру. Этносаралық саланың, өңірдегі этномәдени бірлестіктері қызметінің тұрақты мониторингін, этносаралық тұрақтылық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысын ұйымдастыру. Этносаралық қақтығыстардың алдын алу және оларға ден қою алгоритмінің жұмысын үйлестіру, келіссөз жүргізуші медиаторларды тарта отырып жағдайларды шешу. Медиация институттарымен өзара ықпалдастыру жұмыстарын жүргізу. Бөлімнің құзыретіне жататын республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктері мен медиация институттары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдер», конференциялар, баспасөз конференциялары сынды қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізу. Этносаралық саладағы және медиациядағы жұмысты жетілдіру бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, этномәдени бірлестіктерімен және медиация институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған семинарларға қатысу. Бөлімнің тоқсан, бір жылға арналған жұмысын әзірлеу және жоспарлау. Облыстың этномәдени бірлестіктері туралы деректер базасын қалыптастыру және үнемі жаңартып отыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну. Облыстың бұқаралық ақпарат құралдарынде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің, этномәдени бірлестіктері басшыларының этносаралық сала мен ішкі саясаттың өзекті мәселелері бойынша сөз сөйлеуін ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.09.2020
- г. Караганда, ул. Алиханова, 13
-
«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, 100008, Қарағанды қаласы, Әліханов көшесі, 13 үй, анықтама үшін телефоны: 8(7212) 50-44-01 іш.6294, факс 8(7212) 56-19-80, электрондық пошта: e.bektemisova@karaganda-region.gov.kz