Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚоғамдық бірлестікті мемлекеттік тіркеу ҚР "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңының 13-бабымен реттеледі.
Жергілікті бірлестіктер аумақтық әділет органдарында тіркеледі.
Өңірлік, республикалық және халықаралық – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде.
Тіркелу үшін құрылған күнінен бастап 2 ай ішінде өтініш, жарғы, жиналыстың хаттамасы, құрылтайшылардың мәліметтері, мекенжайы мен мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек ұсынылуы тиіс. Егер мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, оны қалпына келтіруге болады.
Сонымен қатар, заңмен талап етілсе, бірлестік қайта тіркеуден өтуі керек.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» № 70-IV Заңының 15 бабына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамы этномәдени бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де тұлғалардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі саяси партияны мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Саяси партияны ресми тіркеу үшін ҚР 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Заңын басшылыққа алу қажет.
Нені білу керек:
Құрылтай съезінен кейін Әділет министрлігіне құжаттарын тапсыруы үшін партияның 4 ай уақыты болады.
Қандай құжаттар қажет:
- Белгіленген нысандағы өтініш.
- Партияның жарғысы мен бағдарламасы (басшының қолы қойылған екі данада).
- Құрылтай съезінің (немесе конференциясының) хаттамасы.
- Партия мүшелерінің тізімдері (қағаз және электронды түрде).
- Тіркелуі үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
После учредительного съезда у партии есть 4 месяца, чтобы подать документы в Минюст.
Маңыздысы:
Бүкіл ел бойынша партияның кемінде 5000 мүшесі болуы керек.
Әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада кемінде 200 партия мүшесі болуы тиіс.
Партия тіркелгеннен кейін 12 ай ішінде өңірлердегі өзінің филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуі тиіс. Бұл орындалмаса, тіркеуі жойылуы мүмкін.
Тіркеу және барлық рәсімдер заңды тұлғалар үшін заңнамада белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тіркеу барысында проблемалар анықталса, мерзімі тоқтатылуы мүмкін. Бұзушылықтар жойылғаннан кейін тіркеуші орган партияны тіркеу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» № 344-ІІ Заңы (17.07.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларымен)
Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қайырымдылық қаржылық көмегін көрсетпейді, өйткені олардың қызметі заңмен реттеледі және қайырымдылыққа емес, мемлекеттік функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Қайырымдылық туралы» № 402-V Заңы (22.01.2025 жылғы жағдай бойынша өзгерістері мен толықтырулармен)
Қоғамдық аккредиттеу – этномәдени бірлестіктердің қызметін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» № 70-IV Заңының, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Кеңесінің 2024 жылғы 29 наурыздағы шешімімен бекітілген «Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу ережесінің» талаптарына сәйкес деп тану рәсімі.