БАҚ өкілдерімен кездесу
Бүгін инвесторлармен кездесу үшін жабдықталған Show-room-да БАҚ өкілдерімен кездестім.
Біздің диалогымыздың негізгі мәні облысымыздың инвестициялық әлеуеті болды.
Бастапқыда журналистерді жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат және инвесторларды сүйемелдеу бойынша жасалған жаңа тәсілдер туралы хабардар еттім.
2030 жылға дейін 1,5 трлн. теңгеге, 13,7 мың жұмыс орнын құрумен 55 инвестициялық жобадан қалыптасқан пул ұсынылды.
Ағымдағы жылы өңірде 147 млрд. теңгеге 11 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жаңа кәсіпорындарда 2179 жұмыс орны ашылады. 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 3 жоба іске асырылды.
Сондай-ақ, журналистерді өңірдің өнеркәсіптік алаңдары: «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы мен «Saran» республикалық маңызы бар индустриялық аймағының преференцияларымен таныстырдым. Бұл алаңдарда дайын инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету, электр энергиясы, теміржол), ыңғайлы көлік логистикасы және корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын және жер салығын төлеуден босату сияқты жеңілдікті преференциялар бар.