2026 жылдың 9 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат
Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
2026 жылдың 9 айында Басқарма құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 890 хабарламаны қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29%-ға аз (1246 хабарлама). 487 хабарламаны қабылдаудан бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3%-ға аз (502 хабарлама).
2026 жылдың 9 айында Басқармаға пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау актілерін салыстырып тексеруге 1225 акт келіп түсті. Оның ішінде 629 акт бойынша (51%) салыстырып тексеру жүргізілді, 596 акт бойынша (49%) бас тартылды. Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% көп. Атап айтқанда, 2025 жылдың 9 айында 1116 акт келіп түсіп, оның 534 бойынша (48%) салыстырып тексеру жүргізілді, 582 акт бойынша (52%) бас тартылды.
2026 жылдың 9 айында Басқарма 56 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%-ға аз (68 бақылау-қадағалау іс-шарасы).
2026 жылдың 9 айында заңнаманы бұзғаны үшін 365 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (113 әкімшілік іс):
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 14 іс (7 352 500 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (605 500 теңге. 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (162 189 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 68 іс (15 751 650 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 6 іс (5 406 250 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 17 іс (5 190 000 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 4 іс (4 325 000, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 23 іс (7 179 500 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 8 іс (1 297 500 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 7 іс (497 375 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 11 іс (1 167 750, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 8 іс (153 538 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 190 іс (28 735 381 теңге, 464-бап).
Оның ішінде 190 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 80 548 883 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп (44 971 602 теңге). Оның ішінде басқарма 76 321 195 теңге салды (өндіріп алу 66 713 196 теңгені немесе 87% - құрайды, қалған 13% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 4 227 688 теңге салды .
2026 жылдың 9 айында 370 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 286 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз (457 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42% - ға аз (175 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 12 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70% - ға артық (7 аккредиттеу туралы куәлік).
4
20 қазан 2026 10:38
20 қазан 2026