Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидия беруге энергия өндіруші ұйымдардан өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидия беруге энергия өндіруші ұйымдардан өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ хабарлайды :

  

"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру Қағидаларына және «Электр энергетикасы туралы» сәйкес  2025 жылғы қаңтар-мамыр және қазан-желтоқсан және 2025-2027 жж. аралығында жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидия беруге энергия өндіруші ұйымдардан өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

 

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні – 2024 жылғы 16 мамыр.

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні – 2024 жылғы 16 маусым.

 

 Өтінімдер Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34, 418 каб. қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 56-23-30.