Басқарма басшысы баспасөз өкілдерін құттықтап, марапаттады
Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел «қазіргі уақытта конфессияаралық татулық пен халық арасында жат діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы жеткен жетістіктерімізге Сіздердің де қосқан үлесіңіз қомақты. Алдағы уақытта өзіндік ерекшелігі бар мемлекетіміздің діни саясатының ілгерілеуі аясындағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз» - дей келе, барлық журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлық баспасөз, теледидар, радио, газет қызметкерлерінің еңбектеріне зор табыстар тіледі.
Сонымен қатар, облыс аумағында діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында белсенділік танытқан журналистер марапатталды.
Құрметті журналистер қауымы!
Қаламдарыңыз мұқалмай, қызметте табысты болып, еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз берекелі, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Құрметпен, Қарағанды облысының дін істері басқармасы.