Ақпараттық-түсіндіру тобынің мүшелері Абай ауданына шығуы

Ақпараттық-түсіндіру тобынің мүшелері Абай ауданына шығуы

2024 жылғы 27-28 ақпанда ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері конфессияаралық келісімді нығайту және діни төзімсіздік пен экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі шығу сапарымен Абай ауданына (Мичурин ауылдық округінің Агрогородок ауылы, Топар кенті, Қарабас кенті, Абай қаласы) барды. Кездесулер мектеп оқушылары, бюджеттік ұйымдардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар, аудандық АТТ мүшелері, спортшылар, жаттықтырушылар құрамы, Абай қаласының «Восточная» орталық байыту фабрикасының еңбек ұжымдары, Қарабас кентіндегі «Қарағанды Неруд» АҚ, «Топар жылыжайлары» ЖШС, сотталғандары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімі» РММ әскери қызметшілері арасында өткізілді.