Журналистер арасында байқау

Журналистер арасында байқау

«Қарағанды ​​облысының дін істері басқармасы» ММ «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігімен және «Дін және заман» журналының редакциясымен бірлесіп, Қарағанды ​​облысы журналистерінің арасындағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) үздік жарияланымы байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Жалпы жүлде қоры 1 300 000 теңге.

Байқауға қатысу үшін мерзімді баспа басылымдарда жарияланған және эфирге шыққан теле-радио хабарлардың материалдары, сонымен қатар 2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 30 қараша аралығындағы интернет - сайттардағы материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталады:

-  «ТД үздік телерепортаж»;

- «Интернет БАҚ үздік материал»;

- «Мерзімді баспа басылымындағы үздік мақала»

Байқау комиссиясының қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша баспа және электронды БАҚ жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады (әр номинация бойынша 3 жеңімпаз):

- 1 орын – 300 мың теңге

- II орын – 200 мың теңге

- ІІІ орын – 150 мың теңге

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2023 жылғы 1 - 30 қараша аралығында хаттың «Журналистер байқауына өтінім» тақырыбымен grazhdane.kz@mail.ru электронды мекенжайына қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 7212 40 08 63 (сағ. 10.00-нан 18.00-ге дейін).

Төмендегі жүктемеде байқаудың ережесімен және өтінім нысанымен танысуға болады:https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/documents/details/544119?lang=kk