арағанды облысының діни бірлестіктері клубының өкілдері Қарқаралы қаласына сапарға барды

арағанды облысының діни бірлестіктері клубының өкілдері Қарқаралы қаласына сапарға барды

Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының өкілдері Қарқаралы қаласына сапарға барды.
​Ұйымның 12 мүшесі қатысқан шара Ботақара кентінде орналасқан «Поклонный крест» тарихи орнына барудан бастау алды.
​Сапар барысында қатысушылар Қарқаралы қаласының өлкетану мұражайына, Құнанбай қажы мешітіне, Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы мұражайына, «Үш үңгір» тарихи табиғи ескерткішіне барды. Іс-шара «Қазақтың кигіз үйін орнату» этнографиялық сабағымен жалғасты.
​Клуб мүшелері осындай іс-шаралардың конфессияаралық және дінаралық диалогты тұрақты дамытудағы маңыздылығын атап өтті.