"Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесу өтті

"Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесу өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 15 ақпанында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес Департамент басшысы Юрий Залыгиннің қатысуымен Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет жоспары бойынша ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Гүлнар Далабаева "Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шараға Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Гүлнар Далабаева мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды түсіндіріп, олардың қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, азаматтардың деструктивті діни идеологияға иммунитетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Дәріс барысында "телефон экстремизмі", "әлеуметтік желілерде жалдау" сияқты тақырыптар қамтылды, спикер экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, спикер өз ұсыныстарымен бөлісіп, Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін толғандыратын сұрақтарына жауап берді.