ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VII СЪЕЗІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VII СЪЕЗІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VII СЪЕЗІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Біз, VII съезге қатысушылар – әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани лидерлері, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың жетекшілері,

әділ, бейбіт, қауіпсіз және гүлденген әлемгедеген ортақ ұмтылысымыздыбасшылыққа ала отырып,

адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағыжалпыға ортақ құндылықтардыңмаңыздылығынбекіте отырып,

әлеуметтік, этномәдени және діни айырмашылықтар негізінде төзімсіздік пен өшпенділікке,ксенофобияға,кемсітушілік пен жанжалдарғақарсы тұру және оларды еңсеру қажеттілігінмойындай отырып,

діни және мәдени әртүрліліктің байлығынқұрметтей отырып,

қайырымдылық іс-әрекеттері, жанашырлық, мейірімділік, әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық адамдар мен қоғамдардың жақындасуына ықпал ететінінсезіне отырып,

жеке адамның өзін-өзі және дінаралық даму үшінбілім беру мен діни ағартудың құндылығынмойындай отырып,

қоғамдағыәйелдердің рөлі мен құқықтарыныңмаңыздылығынрастай отырып,

материалдық теңсіздік біздің әлемді наразылыққа, әлеуметтік шиеленіске, қақтығыстар мен дағдарыстарға әкелетінінатап өте отырып,

климаттың өзгеруі, кедейлік пен ашаршылыққа, ұйымдасқан қылмыс, терроризм және есірткі сияқтыпандемиядан кейінгі әлемдегі жаһандық сын-қатерлердішешудің маңыздылығынмойындай отырып,

діни қудалауға және адам өмірі мен қадір-қасиетіне қол сұғуға алып келетінэкстремизмді, радикализмді және терроризмдіең батыл түрдеайыптай отырып,

әлемде мемлекетаралық және халықаралық шиеленісошақтарыныңқұрылуынайыптай отырып,

гуманитарлық көмек пен қорғауды қажет ететінмигранттар мен босқындарсанының жаһандық көбеюінеалаңдаушылықты білдіре отырып,

қақтығысушы тараптар арасындадиалог және татуласуүшін жағдай жасауға жәрдемдесуге дегеннық ниетін білдіре отырып,

рухани және саяси лидерлердіңқазіргі әлемдегі мәселелерді шешу  үшін бірлескен күш-жігерінің жіті қажеттілігінсезіне отырып,

барлық халықаралық, өңірлік, ұлттық және жергілікті бастамаларды, сондай-ақдін лидерлерініңдінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалогқа жәрдемдесу жөніндегі күш-жігерінқолдай отырып,

пандемиядан кейінгі кезеңде діни қоғамдастықтар, халықаралық, ұлттық және қоғамдық мекемелер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар арасындағыынтымақтастықтыжандандыруғаниет білдіре отырып,

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысын түрлі діндер, конфессиялар мен діни ілімдер өкілдері үшінхалықаралық дінаралық диалог алаңына айналғанын тағыда қуаттай отырып,

дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты кеңейту жөніндегіодан әрі нақты қадамдардықабылдаудағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мүмкіндігінкөрсете отырып,

 

  • БІЗ ОРТАҚ ҰСТАНЫМҒА КЕЛДІК ЖӘНЕ КЕЛЕСІ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕЙМІЗ:
  1. БізӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезібейбітшілік пен діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалог игілігі үшінөзінің тұрақты қызметін жалғастыруынабар күш-жігерімізді саламыз.
  2. Бізәлемнің пандемиядан кейінгі дамуы мен әлемдік процестердің жаһандануы және қауіпсіздікке төнетін қатерлер жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін диалогты нығайту, сондай-ақ рухани және адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жөніндегібірлескен күш-жігерді іске асырудамаңызды рөл атқаратынынмәлімдейміз.
  3. Бізпандемияның жағымсыз салдарынтекбірлескен күш-жігермен, бірлесіп жұмыс жасау және бір-бірімізге көмек көрсету арқылы жеңуге болатындығынмойындаймыз.
  4. Бізкез-келген әскери қақтығыстың басталуы, шиеленіс пен текетірестің ошақтарды қоздыру«домино әсеріне»ие болатынына және халықаралық қатынастар жүйесінің бұзылуына әкелетінінесенімдіміз.
  5. Бізэкстремизм, радикализм, терроризмжәне зорлық-зомбылық пен соғыстардың барлық басқа нысандары, қандай мақсаттар болса да, шынайы дінге ешқандай қатысы жоқ және оларды түбегейлі қабылдамау керек депсанаймыз.
  6. Бізұлттық үкіметтермен уәкілетті халықаралық ұйымдардан соғыстар мен әскери жанжалдардың салдарынан экстремистер мен террористер тарапынан құқықтар мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған барлық діни топтар мен этникалық қауымдастықтарға жан-жақты көмек көрсетудіөтініп сұраймыз.
  7. Бізәлемдік лидерлерді әлемдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әкелетінагрессивті және деструктивті риторикаданбас тартуға, біздің әлеміміздің барлық бұрышындағы қақтығыстар мен қантөгістерді тоқтатуғашақырамыз.
  8. Бізәлемнің түкпір-түкпірінен келген дін лидерлері мен көрнекті саяси қайраткерлерді достық, ынтымақтастық және бейбіт қатар өмір сүру үшіндиалогтыүздіксіздамытуғашақырамыз.
  9. Бізәлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері мен көрнекті саяси қайраткерлердіұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуүшін шиеленістерді реттеу процесінебелсенді тартудыжақтаймыз.
  10. Бізтері түсі, жынысы, нәсілдері, тілі мен мәдениетіндегіплюрализм және айырмашылықтарЖаратушы Алланың еркінің даналығының көрінісі екенінатап өтеміз.Құдай діни әртүрлілікке жол береді, сондықтан қандай да бір дінге және діни ілімге мәжбүрлеудің кез-келгені қолайсыз.
  11. Бізбарлық халықтарға әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық орнату үшін дінаралық және конфессияаралық үнқатысуды іске асыру жөніндегіпрактикалық бастамалардықолдауғашақырамыз.
  12. БізБіріккен Ұлттар Ұйымыныңжәне басқа да халықаралық, үкіметтік және өңірлік институттар мен ұйымдардың өркениеттер мен діндер, мемлекеттер мен ұлттар арасындағы диалогқа жәрдемдесу жөніндегі күш-жігеріменниеттеспіз.
  13. БізҚасиетті Тақ пен Әл-Азһар Әл-Шариф арасындағы(БҰҰ БА-ның 2020 жылғы 21 желтоқсандағы«Халықаралық адамзат бауырластығы күні» A/RES/75/200 қарарымен қабылданған)ортақ игілік үшін сенушілер арасында бейбітшілікке, диалогқа, өзара түсіністікке және өзара құрметке шақыратын «Бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүрудің пайдасына адами бауырластық туралы» құжаттың және «Мекке декларациясының»(2019 жылы мамырда Меккеде қабылданған)маңыздылығы мен құндылығынмойындаймыз.
  14. Бізәлемдік қоғамдастықтың ғылым, техника, медицина, өнеркәсіп және басқа да салаларда қол жеткізген прогресінқолдаймыз, бірақ бұл ретте олардырухани, әлеуметтік және адами құндылықтармен үйлестірудің маңыздылығынатап өтеміз.
  15. Бізәлеуметтік мәселелер көбінесе адамдарды шектен тыс көзқарастар мен істерге итермелейтінінтүсінемізжәне әлемнің барлық мемлекеттерін өз азаматтары үшін лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етугешақырамыз.
  16. Бізрухани құндылықтар мен адамгершілік бағдарлардыңмаңыздылығын елемейтін адамдар мен қоғамдар өздерінің адамгершілігін және шығармашылығын жоғалтуға бейім екенінатап өтеміз.
  17. Бізәлемдік саяси және бизнес көшбасшыларын қазіргі қоғамдардың дамуындағысәйкессіздіктерді еңсеругеназар аударуға және халықтың түрлі топтары мен әлемнің түрлі елдерінің әл-ауқатындағы алшақтықты қысқартуғашақырамыз.
  18. Бізәлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасындағы диалогтың бейбітшілікті сақтауға ықпал ететін мемлекеттер мен қоғамдардағы әлеуметтік-саяси процестерге оң әсерін тигізетінінатап өтеміз.
  19. БізАллаһ Тағалланың барлық адамдардынәсілдік, діни, этностық немесе өзге де қатыстылығына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастантең етіп жаратқандығыннегізге аламыз, сондықтан бір-біріне деген құрмет пен өзара түсіністік бүкіл діни уағыздардың негізінде жатыр.
  20. Бізсаяси және қоғам қайраткерлерінің, журналистер мен блогерлердіңсөз бостандығын мойындай отырып, оларды діни жалпылаудан сақ болуға және экстремизм мен терроризмді қандай да бір ұлтпен немесе дінмен теңестірмеуге, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда пайдаланбауғашақырамыз.
  21. Біздіндер мен мәдениеттердің құрметпен қатар өмір сүруін нығайтуда және қауіпті жалған діни нанымдарды бұзудабілім беру мен діни ағартудың рөлін арттырудыжақтаймыз.
  22. Бізотбасы институтыннығайтудың маңыздылығына ерекшеназар аударамыз.
  23. Бізәйелдердің қадір-қасиеті мен құқықтарынқорғауға, олардың отбасы мен қоғамның тең құқылы мүшесі ретіндегі әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ олардың мәдени және діни салалардағы бейбіт процестерге қатысуын көтермелеугеатсалысамыз.
  24. Бізәлемдік цифрлық дамудыңсөзсіздігін, сондай-ақ діни және рухани лидерлердің цифрлық теңсіздік мәселелерін шешуде саяси қайраткерлермен өзара іс-қимыл жасаудағы рөлінің маңыздылығынатап өтеміз.
  25. Біз ой-пікір білдіру бостандығын құрметтей отырып, діни білімнің, дінаралық толеранттылық пен азаматтық бейбітшіліктің ілгерілеуі үшін діни құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ діндерге жалпы төзімділікті қалыптастыруғаБАҚ-пен және қоғамның басқа да институттарымендиалогты дамытуға ұмтыламыз.
  26. Бізбарлық сенім мен ізгі ниетті адамдарды осы қиын қыстау кезеңдебірігугежәне біздің ортақ үйіміз – Жер планетасында қауіпсіздік пен келісімді қамтамасыз етуге үлес қосуғашақырамыз.
  27. Біздұғаларымыздыодан әрі гүлденген әлем үшін өркениетаралық, дінаралық және мемлекетаралық диалогты кеңейтуге елеулі үлес қосатын планетадағы барлық ізгі ниетті адамдарды қолдауғашақырамыз.
  28. Бізәскери қақтығыстардан, табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен аймақтардағымейірімділік пен жанашырлық әрекеттерінқолдауғашақырамыз.
  29. Бізкоронавирустық пандемияныңсалдарын жеңу үшін күш салуда халықаралық ұйымдар мен ұлттық үкіметтерге бірлесіп қолдау көрсетугешақырамыз.
  30. БізСъездің және осы Декларацияның мақсаттары адамзаттың қазіргі және болашақ ұрпақтарынөзара құрмет пен бейбітшілік мәдениетін ілгерілетуге бағыттау болып табылатынын және әлемнің кез келген елінің, сондай-ақ БҰҰ институттарын қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың мемлекеттік басқаруында пайдалануға қолжетімді екенінрастаймыз.
  31. Біз2023-2033 жылдарға арналған жаһандық дінаралық диалог алаңы ретіндеӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін дамыту тұжырымдамасынәзірлеуді Съезд Хатшылығынатапсырамыз.
  32. БізҚазақстан Республикасыныңөркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогтың беделді және жаһандық орталығы ретіндегірөлінрастаймыз.
  33. БізӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін шақырғаны үшін, гуманистік бастамалар үшін, сондай-ақ жаңғырту мен прогреске, бейбітшілік пен келісімге қосқан үлесі үшін,Қазақстан Республикасына және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқаалғыс айтамыз.
  34. БізҚазақстан РеспубликасынаСъезді тамаша ұйымдастырғаныүшін, ал Қазақстан халқына – мейірімділігі мен қонақжайлылығы үшін,алғысымызды білдіреміз.
  35. БізӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметін жалғастыруға ұжымдық мүдделілігімізді жәнекелесі VIII Съезді 2025 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу ниетіміздірастаймыз.

 

*  *  *

 

          Осы Декларация Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі делегаттарының көпшілігіменқабылданды, бүкіл әлемдегі билікке, саяси көшбасшыларға, дін қайраткерлеріне, тиісті өңірлік және халықаралық ұйымдарға, азаматтық қоғам институттарына, діни бірлестіктер мен жетекші сарапшыларға беріледі.Сондай-ақ ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады.

Қазіргі Декларациядағы қағидалар барлық мүдделі елдердегі саяси шешімдерде, заңнамалық нормаларда, білім беру бағдарламаларында және бұқаралық ақпарат құралдарында есепке алынуы үшін барлық өңірлік және халықаралық деңгейлерде таралуы мүмкін.

 

БІЗДІҢ БАРЛЫҚ ДҰҒАЛАРЫМЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН

ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ХАЛЫҚТАР МЕН ЕЛДЕРГЕ

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ӨРКЕНДЕУДІ ТІЛЕЙМІЗ!

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ

2022 жылғы 15 қыркүйек