Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен діни бірлестіктерді аралады

Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен діни бірлестіктерді аралады

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әліқұлов Е.Ш. 26 мамырда католик храмына және православ шіркеуіне танысу сапарымен барды.

Діни бірлестіктердің өкілдерімен облыстағы діни ахуал, сонымен қатар, дін мен мемлекет арасындағы байланыс мәселелері талқыланды.

Қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы шіркеулердің рөлі атап өтілді.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары біздің қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы достық диалогын дамытуға қосқан зор үлесі үшін діни бірлестік өкілдеріне алғысын білдірді.