Қарағанды облысының студенттері арасында облыстық дебаттық турнир өткізілді

2021 жылдың 11 қарашада «Қазтұтынуодағының Қарағанды университетінің» базасында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында Қарағанды облысының студенттері арасында облыстық дебаттық турнир өткізілді, турнир ұйымдастырушысы Қарағанды облысының дін істері басқармасы, «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ. Дебаттық турнирдің мақсаты заманауи талаптарға, болашақ кәсіби қызмет шарттарына сәйкес кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту, жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі дамытуын ынталандыру. Турнирде барлығы 8 команда қатысты (4 – қазақ лигасы, 4 – орыс лигасы).
Қарағанды облысының студенттерінің арасында өткізілген дебаттық турнирінің финалдық ойынының қорытындысы бойынша:
- бірінші жүлделі орындарды Қазтұтынуодағының Қарағанды университетінің «Идрисова Айназия» тобы (қазақ тілінде), Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының «Алаш» тобы (орыс тілінде);
- екінші жүлделі орындарды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «EQ» тобы (қазақ тілінде) және «Вечность пахнет нефтью» тобы (орыс тілінде);
- үшінші жүлделі орындарды Қарағанды медицина университетінің «Сакура» тобы (қазақ тілінде), Қазтұтынуодағының Қарағанды университетінің «Ұлағат» тобы (орыс тілінде) иеленді.