Қарағанды облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша жобаны іске асыру аяқталды

Қарағанды облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша жобаны іске асыру аяқталды

Өткен демалыс күндері Осакаров ауданына Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин мен «Қазақтелеком» АҚ басқармасының Төрағасы Қуанышбек Есекеев келді.

Қарағанды облысы бүгінгі таңда Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарынан кейінгі «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы аяқталған төртінші өңір.

Жоба аясында өңірде 876 км ТОБЖ төселді, бұл ауруханалар, мектептер, әкімдіктер сынды 121 бюджеттік ұйым орналасқан 36 ауылда кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етті.

Бұдан әрі министрдің міндетін атқарушы Пионерское ауылында Kcell ұялы байланыс операторының 4G стандартының базалық станциясының пайдалануға енгізілуімен танысты.

Сапар барысында ҚР ЦДИАӨМ делегациясы Пионерское ауылындағы балалар үйіне барып, Осакаров ауданының қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметімен танысты. Сондай-ақ, Бағдат Мусин қазақстандық жетекші әзірлеушілер мен IT-саласының мамандарын біріктірген «Террикон алқабы» IT-Hub бірегей жобасын жасаушылармен кездесті.

Қарағандылық бағдарламаларды әзірлеушілер WOOPPAY, Flip.kz және Hoster.kz сияқты танымал жобаларды құрған.