Халықтық бақылау: Карағандылықтар қаланы жақсартуға қалай көмектеседі

Дәл осы қарағандылықтардың өтінімдері мәселелерді шешуге және қалалық ортаны дамытуға ықпал етеді. Бұған Belsendi Azamat қосымшасын жасаушылар мен қызметкерлер сенімді. 11 желтоқсанда "Терриконовая Долина» IT-хабында қосымшаның продакт-менеджері Диана Салеховамен митап өтеді. Ол белсенді тұрғындардың туған қаласындағы тазалық пен жайлылық үшін қалай күресетінін айтады.
Belsendi Azamat - бұл мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге өтініштер мен сұраныстар беруге арналған мобильді қосымша. Ол Senim 109 қызметімен біріктірілген және Қарағанды облысының барлық аумағында жұмыс істейді.
Митапта Диана қосымшаның қалай жұмыс істейтінін, өтініштер қалай өңделетінін және қала тұрғындары өтінішті қарапайым жіберу арқылы қалалық мәселелермен қалай күресуге болатындығын айтады. Сондай-ақ, қаланы дамыту тәсілі ретінде әлеуметтік жобаларды маркетингтік қолдау және сарафан радиосы тақырыбы қозғалады.
Тіркелу сілтеме бойынша: https://terricon.kz/meetup12
Қашан: 10 желтоқсан 17:00
Формат: офлайн және онлайн
Орны: Алалыкина 12, IT-hub "Терриконовая Долина»
Бұл іс-шара «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының» қолдауымен тегін өткізіледі.