ІТ-Хабта креативтых индустриялар туралы митап өтеді

ІТ-Хабта креативтых индустриялар туралы митап өтеді

Креативті индустриялар дегеніміз не және оларды Қазақстанда қалай дамыту керек? Бұл туралы 10 желтоқсанда Митапта Creative&Innovation Institute директоры, GLOBAL NOMADS FASHION AWARDS жобасының ұйымдастырушысы, маркетолог Ирина Нечаева айтып береді. Спикердің Қазақстанда және халықаралық алаңдарда КИ бағытында жобаларды жүргізуде үлкен тәжірибесі бар.

Ирина отандық Fashion-индустриясын белсенді дамытуда: «Астана – ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне «Мелодия Души» топтамасын әзірледі, follow the Fabrika дизайнерлері үшін Қазақстандағы алғашқы жобаны ұйымдастырды.

Митапта спикер ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) параметрлері, креативті индустриялар, Digital саласы және GNFA жобасы туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, Ирина Киев бағытындағы қазақстандық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөліседі.
Митапқа дизайнерлерге, Digital контент әзірлеушілеріне, шығармашылық кәсіп өкілдеріне баруды ұсынамыз.

Тіркелу сілтемесі:https://terricon.kz/marketing

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 10.12
Уақыты: 18:00
Орны: online
"Терриконовая Долина" IT-hub
Алалыкина, 12