"Бірыңғай үйлестіру орталығы" КММ

Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы 10/01 қаулысымен «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бірыңғай үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – БҮО) құрылды. БҮО мақсаттары мен міндеттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek Бірыңғай байланыс орталығы аясында жүзеге асырылатын мақсаттарға ұқсас.

2019 жылғы 14 наурызда БҮО Жарғысы әзірленді және бекітілді. 2023 жылдың 10 мамырында Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Әділет органдарында БҮО Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша тіркелген.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – жайлы өмір сүру ортасын құруға үлес қосу және Қарағанды облысы тұрғындарының өтініштеріне жедел әрекет ету.

Орталық – азаматтар тәуліктің кез келген уақытында, кез келген жерде, кез келген құрылғыдан немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласа алатын «бірегей фронт-офис» ретінде қызмет атқарады. Ал Орталық өз кезегінде өтінішті қабылдап, өңдегеннен кейін ақпараттық-коммуникациялық арналар арқылы тиісті құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге қарастыруға жолдайды.

Орталыққа келіп түсетін өтініш көздері:

1) Call-орталығының «109» бірыңғай байланыс нөмірі(телефон қоңырауы);

2) «Открытый город» АЖ порталы - senim109.kz

3) Facebook senim109, telegram бот senim109.kz, Instagram - senim109.kz әлеуметтік желілері және Whatsapp мессенджері.

 

Басшы: Директор - Садуакасов Рахат Аманжанович

Мекен жай: Қарағанды қ.,  Н.Назарбаев даңғылы 39

Байланыс телефондары: 109

Веб-сайт: www.senim109.kz