Меню

Страницы

Статья

Шаекин Михаил Шаягзамович

1933 жылы 23 мамырда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Томар селосында дүниеге келген.
1947 жылы Қарқаралындағы Абай атындағы педагогиқалық училищеге түсіп, бітіргеннен соң, Қарқаралы ауданының Ленин атындағы колхоздың жетіжылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.
1951 жылы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтына түсіп, 1956 бітіргеннен кейін Бидайық МТС-нің бас агрономы болып жұмыс істеді.
1951 жылы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтына түсіп, 1956 бітіргеннен кеін Бидайық МТС-нің бас агрономы болып жұмыс істеді.
Одан соң, Қарқаралы аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы ауданының «Киргизия» совхозына директор, Қазақстан Коммунистік партиясы Қарқаралы аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1973 жылдан Молодежный аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, ал 1978 жылдан Ульянов аудандық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1982 жылдан бастап Қарағанды облысының Ульянов ауданы Свердлов атындағы совхоздының директоры болып қызмет етіп, одан кейін «Көкпекті» АҚ директоры болып сайланды.
Оның қызметіндегі басты ерекшелектері табандылық, мақсатшылдық және тапсырылған істі ізгілікті орындау болып келеді.
Партия, Совет, және ауылшаруашылық саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. В.И. Ленинның туғанына 100-жыл толуы құрметіне» медальдерімен марапатталды.
Бірнеше рет облыстық, аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, СОКП-ның XXIV съездінің делегаты және Қазақстан Коммунистік партиясының XXIII – XV съездерінің делегаты болып сайланды.

Казіргі уақытта Бұқар-жырау ауданының Көкпекті селосында тұрады.

Дата публикации
16 июня 2020
Дата обновления
16 июня 2020
Тип

Сейчас читают

Направления
13 октября 2026
Итоги выдвижения
Направления
13 октября 2026
Итоги регистрации кандидатов
Направления
13 октября 2026
Места размещения агитационных печатных материалов

Социальные медиа

@open_bukarzhyrauaudany
Бұқар Жырау Ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы