Самарқанд ауылдық округі Қарағанды облысының орталық бөлігінде, Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің әкімшілік орталығынан 100 шақырым жерде орналасқан. Самарқанд ауылы 1909 жылы құрылған, ол - округтің орталығы. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Самарқанд ауылдық округінде Тегісжол және Чкалово 2 ауылы бар. Жалпы халық саны 1638 адамды құрайды.
"Бұқар Жырау ауданы Самарқанд ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
| Мекен-жайы | 100434, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Самарканд а., Ленинская к. 30Б |
| Байланысқа арналған контактілер | 87213833339 |
| Жұмыс кестесі | дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:30, түскі ас 13:00-14:30 |
| E-mail: |
samarkand.bzh@karaganda-region.gov.kz |





