1 қазан – Халықаралық қарттар күні! Бұл күн – аға буын өкілдеріне шынайы алғысымыз бен құрметімізді білдіруге тамаша мүмкіндік. Өмір жолы даналықтың, еңбекқорлықтың және туған жерге деген адалдықтың үлгісі болған қазыналы қарттарымыздың орны әрдайым ерекше. Доскей ауылдық округінде осы айтулы мерекеге орай мерекелік іс-шара өтті. Құрметті қарт тұрғындарымызға арнап жүрекке жылы әндер, ақжарма тілектер мен көтеріңкі көңіл күйге толы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында ардагерлеріміз бен зейнеткерлерімізге сыйлықтар табысталып, оларға көңіл мен қамқорлықтың белгісі көрсетілді. Өйткені аға буын үшін ең маңыздысы – өздерін бағалайтынын, құрметтейтінін және әрдайым еске алатынын сезіну. Мерекені ұйымдастыруға атсалысып, осы күнді ерекше етуге үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Құрметті ардагерлеріміз бен қарт тұрғындарымызға зор денсаулық, ұзақ әрі бақытты ғұмыр, отбасылық амандық, жан тыныштығы мен жылулық тілейміз! Әр күндеріңіз қуанышқа, жақындарыңыздың қамқорлығына және жақсы сәттерге толы болсын! Аға буын өкілдері әрдайым құрметке, ықыласқа және сүйіспеншілікке бөлене берсін!
Дата публикации
15 октября 2026
Дата обновления
01 октября 2026