Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округінің әкімдігі
Мемлекеттік мекеме «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және ауылдық округ әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мемлекеттік мекеме заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Мемлекеттік мекеме өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Мемлекеттік органның толық атауы – «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекемеге өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Карагандинская область, Бухар - Жырауский район, сельский округ Баймырза, с. Баймырза, улица Акимшилик, зд. 5.