Республикалық "Үздік педагог" конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Республикалық "Үздік педагог" конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздарына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төленді және «2024 жылдың үздік педагогі» атағының иегері болып табылатын куәлік табысталды.
Қарағанды облысының «Үздік педагогі» атанған жеңімпаздар:
- Романовская Лариса Валерьевна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің 97 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.
- Цемох Светлана Михайловна, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- Амангельдинова Багдат Ибрахимовна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
- Нурмагамбетов Серикбай Карсакович – Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің Ақжар негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
- Ким Елена Олеговна, Балқаш қаласы білім бөлімінің Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.
- Ткачева Марина Анатольевна, Абай ауданы білім бөлімінің Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-қосымша білім беру орталығының бастауыш сынып мұғалімі.
- Жапабаева Меруерт Секербаевна, «№1 Білім-инновация» лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі.
- Идрисова Меруерт Абильтаевна, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
- Зейтова Анар Амантаевна, Абай ауданы білім бөлімінің П.Корниенко атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- Ибраева Жулдыз Багеновна, Қарағанды облысы білім басқармасының Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге ерекше үлес қосқаны үшін облыстың бірқатар педагогтеріне "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі табыс етілді:
- Амангельдинова Багдат Ибрахимовна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
- Самоследова Кристина Викторовна, Шахтинск қаласы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының неміс тілі мұғалімі.
- Темирбулатова Сара Козыевна, Теміртау қаласының "Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
- Бакмаганбетова Бахытгуль Нуртаевна, Қарағанды қаласы Психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің психолог-педагогі, әдіскер.
- Алибаева Гульжан Сакенқызы, Шет ауданының Ж.Ақылбаев атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.
- Хивренко Тамара Владимировна, Шахтинск қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі.
- Перепелица Инна Григорьевна, Шахтинск қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Қызмет бағыты