2025 жылғы 1 маусымнан бастап Қарағанды облысы балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жобаға енгізілді. Бұл жоба балалардың шығармашылық және спорттық үйірмелерге, секцияларға, қосымша білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.
Қарағанды облысы әкімі қаулысымен (12.08.2025 ж. №44/02) жобаны іске асырудың негізгі шарттары бекітілді.
Сондай-ақ, Қарағанды облысы білім басқармасының бұйрығымен (15.07.2025 ж. №399) мониторингтік комиссия құрылды. Оның құрамына жергілікті қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Комиссия өз жұмысын 3 қыркүйекте бастап, алғашқы үш нысанда зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мониторингтің қорытынды актісін назарларыңызға ұсынамыз.