Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 9 тамыздағы
№ 355
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген
«Үздік педагог» атағын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. «Үздік педагог» атағын беру тәртібі
1) І кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;
2) ІІ кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей;
3) ІІІ кезең – республикалық деңгей.
1-параграф. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының I кезеңін өткізу тәртібі
1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);
2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;
3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.
1) Өңірлік комиссиялардың мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;
2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттар (материалдар) кездейсоқ іріктеу әдісімен Өңірлік комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;
3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың әр портфолиосын бағалайды;
4) бағалауды Өңірлік комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді;
5) Өңірлік комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
6) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
7) Өңірлік комиссияның отырысында Конкурсқа қатысушылардың орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде Өңірлік комиссия шешім қабылдайды;
8) Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім
Өңірлік комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;
9) Өңірлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
2-параграф. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының II кезеңін өткізу тәртібі
Конкурстың ІІ кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады, оның құрамы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ астананың Білім басқармаларының бұйрығымен бекітіледі (бұдан әрі – II кезеңнің Өңірлік комиссиясы).
1) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссияларының мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;
2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар кездейсоқ іріктеу әдісімен Өңірлік комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;
3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын (материалдарын) бағалайды;
4) бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;
5) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
6) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
7) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы отырысында орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған Конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешім қабылдайды;
8) Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім
ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;
9) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.
3-параграф. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІІ кезеңін өткізу тәртібі
бірінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы;
екінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің Министрлік анықтаған білім беру ұйымында күндізгі форматта Конкурсқа қатысушы өткізетін сабақты/оқуды бағалауы.
Конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші турында Республикалық комиссия Министрліктің ақпараттық жүйесінде орналастырылған Конкурстың ІІ кезеңі жеңімпаздарының материалдарын қарайды.
1) Республикалық комиссияның мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;
2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттар (материалдар) кездейсоқ іріктеу әдісімен Республикалық комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;
3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың материалдарын бағалайды;
4) бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес Республикалық комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;
5) бағалау нәтижесінде Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесі Конкурстың әрбір қатысушысына балл қояды;
6) Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
7) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
8) Республикалық комиссияның отырысында конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші турына қатысушылардың орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған қорытынды балдары есептеледі, олар Республикалық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен бекітіледі.
1) Республикалық комиссияның мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;
2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар кездейсоқ іріктеу әдісімен Республикалық комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;
3) топ мүшелері өз тобына күндізгі форматта бөлінген Конкурсқа қатысушылардың сабақтарына (оқуларына) қатысады және оларды бағалайды;
4) бағалауды осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес Республикалық комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;
5) бағалау нәтижесінде Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесі Конкурстың әрбір қатысушысына балл қояды;
6) Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
7) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
8) Республикалық комиссияның отырысында Конкурстың ІІІ кезеңінің екінші турына қатысушылардың орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған қорытынды балдары есептеледі, олар Республикалық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен бекітіледі.
Республикалық комиссияның қорытынды отырысында Конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші және екінші турларында алынған қатысушылардың қорытынды балдары жинақталады. Бірінші және екінші турлар үшін қорытынды балдар орташа арифметикалық балға сәйкес сараланады, оның негізінде Республикалық комиссия шешім қабылдайды. Республикалық комиссияның шешімі қорытынды хаттамамен ресімделеді. Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім Республикалық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
4-параграф. Апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібі
Аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) Апелляциялық комиссия құрамына мыналар кіреді: аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, әдіскерлер, «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;
Облыстық және Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың апелляциялық комиссия құрамына білім басқармаларының, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, әдіскерлер, «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді;
Республикалық деңгейде апелляциялық комиссия құрамына Министрліктің, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның, «НЗМ» ДББҰ-ның, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері апелляциялық комиссияның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. Аппеляциялық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, аппеляциялық комиссияның құрамы қайта қаралады.
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына
1-қосымша
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ
Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
|
1. |
Жұмыс орны
|
|
|
2. |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
|
3. |
Туылған күні (күні, айы, жылы)
|
|
|
4. |
Лауазымы
|
|
|
5. |
Педагогикалық өтілі
|
|
|
6. |
Лауазымдағы жұмыс өтілі
|
|
|
7. |
Білімі (қай оқу орнын, факультетті, қай жылы бітірді)
|
|
|
8. |
Біліктілік санаты
|
|
|
9. |
Индексі бар үй мекенжайы
|
|
|
10. |
Жеке куәліктің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру номері) |
|
|
11. |
Байланыс телефоны (үй, ұялы), электрондық пошта
|
|
|
12. |
Наградалар, көтермелеулер (награданың, көтермелеудің атауы) |
|
Өтінімді толтыру күні ________________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы_____________________
Білім беру ұйымы басшысының қолы________________________________
Мөр орны
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына
2-қосымша
Педагогтің портфолиосы
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), міндетті түрде 3х4 көлемінде фотосурет салынған;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жұмыс орны куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
еңбек өтілі (еңбек және педагогикалық);
білімі (білімін растайтын құжаттардың көшірмелері);
білім беру ұйымдарының басшылары куәландырған педагогке арналған ұсыным (болған жағдайда) немесе өзге де ұсынымдар (міндетті түрде);
біліктілікті арттыру (сертификаттар мен куәліктердің соңғы 5 (бес) жылдан аспайтын көшірмелері);
марапаттары (грамоталардың, мақтау қағаздарының, алғыс хаттардың, төсбелгілер куәліктерінің, үкіметтік және мемлекеттік наградалардың көшірмелері);
педагогтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы педагогикалық ұйымдарының, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастық өкілдерінің, оқушылардың (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық жұртшылық өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, халықаралық деңгейдегі дипломдар) тануы; қоғамдастыққа ықпалы (бұқаралық ақпарат құралдарында тануы, қайырымдылық ұйымдарына мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілердің құндылықты білім алуын дамыту, басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты.
білім беру ұйымының басшысы растаған білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) соңғы 3 (үш) жылдағы білім беру жетістіктері мониторингінің нәтижелері (болған жағдайда);
педагогтің соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадаларға, кәсіби, шығармашылық конкурстарға және спорттық жарыстарға қатысуы туралы мәліметтер (тиісті сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен расталады);
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы (ғылыми жарыстардағы), шығармашылық конкурстардағы және спорттық жарыстардағы жетістіктері (тиісті сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен расталады).
педагогикалық тәжірибені жинақтау (авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, оларға хаттамалардың үзінділері (болған жағдайда), педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, фестивальдар, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату);
зерттеу қызметі (ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша мақалалар жариялау, шығармашылық есептер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалар туралы мәліметтер);
білім беру және педагогикалық жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болса);
педагогтің сараптамалық немесе жобалау қызметі, TV сабақтарын түсіруге қатысу (сертификаттар, анықтамалар немесе бұйрықтар, сараптамалық және жұмыс топтарына, TV сабақтарын түсіруге қатысатынын растайтын TV сабағына сілтеме);
тәрбие жұмысының және сабақтан тыс іс-әрекет бағыттары бойынша материалдар («Оқу мектебі» жобасы бойынша, «Дебаттық қозғалыс», «Мектепшілік/студенттік өзін-өзі басқару» жобасы бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша, экологиялық, еңбек, адамгершілік тәрбие және ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша материалдар);
волонтерлік қызмет, соңғы 3 (үш) жылда қайырымдылық іс-шараларына қатысу (web-ресурстарда және әлеуметтік желілерде ақпаратты тұрақты орналастыру, балаларды тегін оқыту - растайтын құжаттарды, Министрліктің ақпараттық жүйесінде сілтемелерді тіркеу).
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына
3-қосымша
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу
үшін қатысушылар жіберген озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау жобасы бойынша бейнесабақтарға/оқуларға және бейнероликтерге қойылатын талаптар мен техникалық шарттар:
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына
4-қосымша
«Үздік педагог» атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың
сапалық және сандық көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
Баллдар |
|
|
|
1 |
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесі, ең жоғары балдан % (біреуін таңдау) тармақша |
||
|
|
91-100% |
5 |
|
|
|
81-90% |
4 |
|
|
|
71-80% |
3 |
|
|
|
61-70% |
2 |
|
|
2 |
Педагогтің кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін бағалау (ең жоғары көрсеткішпен бір ғана нәтиже ескеріледі) |
|
|
|
2.1 |
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес педагогтің соңғы 3 (үш) жылда кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) |
|
|
|
|
Халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы дипломының болуы |
4 |
|
|
|
Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы дипломының болуы |
3 |
|
|
|
Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың кәсіби шеберлік конкурстары дипломының болуы |
2 |
|
|
2.2 |
Соңғы 3 (үш) жылда авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған оқулықтың, оқу-әдістемелік кешеннің авторы |
5 |
|
|
|
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Үлгілік оқу жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеуге қатысу |
4 |
|
|
|
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен элективті курстар, әдістемелік құралдар бағдарламаларының авторы |
3 |
|
|
|
Облыстық, қалалық және республикалық маңызы бар қалалардың оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген әдістемелік құралдардың, элективті курстардың, факультативті курстардың авторы |
2 |
|
|
2.3 |
Соңғы 3 (үш) жылдағы жарияланымдар: |
|
|
|
|
Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне кіретін жарияланымы бар |
4 |
|
|
|
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымы бар |
3 |
|
|
|
Білім және тәрбие саласында республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымы бар |
2 |
|
|
|
Облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымы бар |
1 |
|
|
2.4 |
Наградалардың болуы |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының болуы |
4 |
|
|
|
Ведомстволық наградалары мен көтермелеулерінің болуы |
3 |
|
|
|
Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар және астананың Білім басқармаларының көтермелеулерінің болуы |
2 |
|
|
|
Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің көтермелеулердің болуы |
1 |
|
|
2.5 |
Тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет (барлық тармақтар бойынша ұпайлар) |
|
|
|
|
Жобаны іске асыру және оның нәтижелілігін ұсыну (гранттар, сертификаттар, Web (феб) сайттарға сілтемелер) |
3 |
|
|
|
«Оқу мектебі» жобасы бойынша, кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша дебат қозғалысына қатысудың нәтижелілігі (бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, Web (веб) сайттарда ақпаратты орналастыру) |
2 |
|
|
2.6 |
Тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет бойынша басқа ұйымдармен ынтымақтастық |
|
|
|
|
Халықаралық деңгейде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет бойынша басқа ұйымдармен ынтымақтастық |
3 |
|
|
|
Республикалық деңгейде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет жөніндегі басқа ұйымдармен ынтымақтастық |
2 |
|
|
|
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана деңгейінде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет жөніндегі басқа да ұйымдармен ынтымақтастық |
1 |
|
|
2.7 |
Педагогті кәсіби қоғамдастық пен жұртшылықтың тануы |
|
|
|
|
Педагогтерді үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың және бұқаралық ақпараттық құралдарының тануы (алғыс хаттар, республикалық деңгейдегі дипломдар, қайырымдылық ұйымдары мен қоғамдық қорлар) |
3 |
|
|
|
Ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғамдастық өкілдерінің тануы |
2 |
|
|
|
Әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлері |
1 |
|
|
2.8 |
Волонтерлік қызмет |
|
|
|
|
Волонтерлік және қайырымдылық қызметке белсенді қатысу |
3 |
|
|
3 |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің соңғы 3 жылдағы жетістіктері |
|
|
|
3.1 |
Конкурстар |
|
|
|
|
Халықаралық балалар конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері |
4 |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері |
3 |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының облыстық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері |
2 |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері |
1 |
|
|
3.2 |
Ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар) |
|
|
|
|
Халықаралық балалар зерттеу жобалары конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері |
4 |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген «Мен зерттеушімін» республикалық балалар конкурсының жүлдегерлері, жеңімпаздары |
3 |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген «Мен зерттеушімін» республикалық балалар конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлері, жеңімпаздары |
2 |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген «Мен зерттеушімін» республикалық балалар конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері |
1 |
|
|
4 |
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің/ білім алушыларының соңғы 3 жылдағы жетістіктері |
|
|
|
4.1 |
Республикалық және халықаралық олимпиадалар |
|
|
|
|
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері |
4 |
|
|
|
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері |
3 |
|
|
|
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі студенттерге арналған республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері |
2 |
|
|
|
Мамандандырылған олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері |
2 |
|
|
|
Оқушыларға арналған жоғары оқу орындары олимпиадаларының жеңімпаздары, жүлдегерлері |
1 |
|
|
4.2 |
Ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар) |
|
|
|
|
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары, жүлдегерлері |
5 |
|
|
|
Республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, |
4 |
|
|
|
Республикалық конкурстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алған студенттерге арналған конкурстарының жүлдегерлері, жеңімпаздары |
4 |
|
|
|
Ғылыми жобалардың мамандандырылған конкурстарының жүлдегерлері, жеңімпаздары |
3 |
|
|
4.3 |
Орындаушылар конкурсы |
|
|
|
|
Орындаушылардың халықаралық конкурстары |
5 |
|
|
|
Орындаушылардың республикалық конкурстары |
4 |
|
|
|
Мамандандырылған конкурстар |
3 |
|
|
4.4 |
Спорттық жарыстар |
|
|
|
|
Халықаралық спорттық жарыстар |
5 |
|
|
|
Республикалық спорттық жарыстар |
4 |
|
|
5. |
1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу қызметін (бұдан әрі – ОҚ) бағалау – сабақ (оқу) (15 минут); 2. Балабақшалардағы ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі – ҰОҚ) бағалау – сабақ (оқу) (7 минут) |
|
|
|
5.1 |
Оқу қызметінің мақсаттарын қою |
|
|
|
|
Нақты және қол жеткізуге болатын мақсаттар |
2 |
|
|
|
Мақсаттарға ішінара қол жеткізілді |
1 |
|
|
5.2 |
Оқыту әдістері (барлық тармақтар бойынша балл қоюға болады) |
|
|
|
|
Оқытудың белсенді әдістерін қолдану |
3 |
|
|
|
Оқыту әдістері қойылған мақсаттарға сәйкес келеді |
3 |
|
|
|
Оқыту әдістері оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуды білдіреді |
3 |
|
|
5.3 |
Формативті бағалау жүргізу |
|
|
|
|
Формативті бағалау құралдарын біледі және тиімді қолданады |
4 |
|
|
|
Формативті бағалау құралдарын біледі, бірақ шебер қолдана алмайды |
3 |
|
|
|
Формативті бағалау құралдарын тиімсіз қолданады |
2 |
|
|
5.4 |
Педагогтің вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдылары |
|
|
|
|
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын меңгерген |
2 |
|
|
|
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын ішінара меңгерген |
1 |
|
|
5.5 |
Ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану |
|
|
|
|
Білім алушыларды оқу материалын меңгеруге ынталандыратын ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану |
2 |
|
|
|
Ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу материалын көрсетумен шектеледі |
1 |
|
|
6 |
ЭССЕ (500 сөзден артық емес) |
|
|
|
6.1 |
Эссе тақырыбын ашу |
|
|
|
|
Тақырып толығымен ашылды |
3 |
|
|
|
Тақырып ішінара ашылды |
1 |
|
|
6.2 |
Өз ұстанымын қолдау үшін дәлелдер жазу |
|
|
|
|
Жеке зерттеу нәтижелерін пайдаланады |
3 |
|
|
|
Педагогикалық теорияларды немесе ұғымдарын қолданады |
2 |
|
|
|
Белгілі фактілерді пайдаланады |
1 |
|
|
6.3 |
Логика мен дәйектілік, тұжырымдардың болуы |
|
|
|
|
Құрылым нормаға сәйкес келеді (кіріспе, негізгі бөлік пен қорытындының болуы) |
3 |
|
|
|
Эссе қисынды және дәйекті, бірақ тұжырымы жоқ |
2 |
|
|
|
Эсседе логикалық дәйектілік жоқ |
1 |
|
|
7 |
Үздік тәжірибелерді тарату (5 минутқа дейінгі бейнеролик) |
|
|
|
7.1 |
Өзектілігі |
|
|
|
|
Педагогикалық мәселенің өзектілігі толығымен ашылды және шешу жолдарын қамтиды |
3 |
|
|
|
Педагогикалық мәселенің өзектілігі ашылды, бірақ шешу жолдары толық қамтамасыз етілмеген |
2 |
|
|
|
Педагогикалық мәселенің өзектілігі ішінара ашылды |
1 |
|
|
|
Педагогикалық мәселенің өзектілігі ашылмаған |
0 |
|
|
7.2 |
Үздік тәжірибелер тиімділігінің дәлелі |
|
|
|
|
Үздік тәжірибенің нәтижелілігін ұсыну |
3 |
|
|
|
Нәтижеліліктің болмауы |
0 |
|
|
7.3 |
Шешендік өнер |
|
|
|
|
Сөйлеу түсінікті, мәнерлі, эмоционалды |
2 |
|
|
|
Сөйлеу монотонды, бірқалыпты |
1 |
|
|
7.4 |
Иллюстрациялық материалдарды қолдану |
|
|
|
|
Иллюстрациялық материалдарды шебер пайдалану: презентациялар, диаграммалар, суреттер, фото, бейнемонтаж және т. б. (шығармашылық тәсіл) |
3 |
|
|
|
Иллюстрациялық материалдар пайдаланылды (тек презентация) |
2 |
|
|
|
Тақырыпты ашпайтын иллюстрациялық материалдарды пайдалану |
1 |
|
|
|
Барлығы |
100 |
|
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына
5-қосымша
Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру және техникалық және кәсіптік блім беру, орта білімнен кейнгі педагогтердің сабақтарын (оқуларын)
бағалау парағы
Күні ____________________________________________________________
Пәні ___________________________________________________сыныбы (тобы)
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________
Сабақтың/оқудың тақырыбы__________________________________________
_________________________________________________________________
Сабақтың/оқудың мақсаты_____________________________________________
_________________________________________________________________
|
Өлшемшарттар |
Көрсеткіші |
Балдар |
Қорытынды лар |
|
Сабақ/оқу мақсаттары ның негізділігі |
Білім aлушыларды (тәрбиеленушілерді) мақсаттар қоюға және күтілетін нәтижелерге тарту |
0-2 |
|
|
Мақсаттардың педагогикалық қызмет тәжірибесінде мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі |
0-2
|
|
|
|
Мақсаттардың оңтайлылығы мен конструктивтілігі |
0-2 |
|
|
|
Мазмұнды таңдаудың оңтайлылығы |
Сабақтың (оқудың) мақсаттарына сәйкес мазмұнды іріктеу |
0-2
|
|
|
Материалдың қолжетімділігі және көрнекілігі |
0-2 |
|
|
|
Материалды ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі |
0-2
|
|
|
|
Оқу мақсаттарына сәйкес функционалдық сауаттылыққа тапсырмаларды пайдалану |
0-2 |
|
|
|
Педагогтің қызметі бойынша: |
Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) белсенді оқытуға тарту |
0-2
|
|
|
Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) сабақтың (оқудың) мақсаттарына сәйкес ұйымдастыру |
0-2
|
|
|
|
Білім беру, тәрбие-білім беру процесіне қатысушылардың сапалы өзара іс-қимылын ұйымдастыру |
0-2 |
|
|
|
Сараланған тәсілді қолдану |
0-2 |
|
|
|
Тәрбие компонентін іске асыру |
0-2 |
|
|
|
Сабақтың/ оқудың дидактикалық жабдықталуы |
Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру нысандарын үйлестірудің оңтайлылығы |
0-2
|
|
|
Оқытудың белсенді әдістерін қолданудың тиімділігі |
0-2
|
|
|
|
Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің және құралдарының мақсаттар мен мазмұнға барабарлығы |
0-2
|
|
|
|
Сабақ (оқу) уақытын бөлудің ұтымдылығы |
0-2
|
|
|
|
Ресурстарды, оның ішінде цифрлық ресурстарды пайдалану |
0-2 |
|
|
|
Білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің қызметі |
Салыстыру және жалпылау қабілеті |
0-2 |
|
|
Ойлау дербестігі |
0-2 |
|
|
|
Өз ойларын логикалық баяндау |
0-2 |
|
|
|
Рефлексивті-бағалау қызметін дамыту |
0-2 |
|
|
|
Бақылау-бағалау қызметі |
Сабақтың (оқудың) барлық кезеңдерінде кері байланыс және қалыптастырушы бағалау құралдарын қолданудың тиімділігі |
0-2
|
|
|
Білім алушыларды/ тәрбиеленушілерді бағалау процесіне тарту |
0-2
|
|
|
|
Сабақты/оқуды қорытындылау |
0-2 |
|
|
|
Сабақты өзін-өзі талдауы |
0-2 |
|
Қорытындылар_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсынымдар ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына
6-қосымша
Арнайы білім беру ұйымы педагогінің ашық
сабақты (оқуды) бағалау парағы
Күні______________________________________________________________
Пәні______________________________________________________________
Сыныбы (тобы)________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________
Сабақтың (оқудың) тақырыбы
Сабақтың (оқудың) мақсаты_______________________________________
|
Өлшем шарттар |
Көрсеткіштер |
Балл |
Қорытынды |
|
Сабақ (оқу) мақсаттарының негізділігі |
Сабақтың (оқудың) мақсаты сабақ тақырыбына сәйкес келеді |
0-2 |
|
|
Сабақтың (оқудың) мақсаттары тәрбиеленушілердің / білім алушылардың жұмысынан күтілетін нәтижені ашады |
0-2
0-2 |
|
|
|
Сабақтың (оқудың) мақсаттары білім алушылар үшін қолжетімді нысанда нақты тұжырымдалған |
|
|
|
|
Мазмұнды таңдаудың оңтайлылығы |
Сабақтың (оқудың) мазмұны мақсаттарға сәйкес келеді |
|
|
|
Сабақтың (оқудың) мазмұны логикалық дәйектілікпен ұсынылды |
|
|
|
|
Сабақтың (оқудың) мазмұны тәрбиеленушілердің / білім алушылардың әртүрлі танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып анықталған |
|
|
|
|
Сабақтың (оқудың) мазмұны тәрбиеленушілердің/оқушылардың субъективті тәжірибесін ескерді |
|
|
|
|
Педагог қызметі |
Педагог тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) белсенділігі мен дербестігі үшін жағдай жасады |
|
|
|
Педагог оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің әртүрлі тәсілдерін ұйымдастырды |
|
|
|
|
Педагог эмоционалды-психологиялық жайлылық атмосферасын құрды, тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) іс-әрекетінің жоғары уәждемесін қолдады |
|
|
|
|
Педагог тәрбие компонентін іске асырды |
|
|
|
|
Сабақтың (оқудың) дидактикалық қамтамасыз етілуі |
Сабақта (оқуда) әртүрлі ақпарат көздері қолданылды |
|
|
|
Жұмыс түрлерінің, тапсырмалар түрлерінің кезектесуі тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жұмысқа қабілеттілігін қолдауға ықпал етті |
|
|
|
|
Оқытудың әдістері мен тәсілдері бұзылған функциялардың дамуына және орнын толтыруға ықпал етті |
|
|
|
|
Дидактикалық материалдар тәрбиеленушілерге (білім алушыларға) сараланған тәсілді қамтамасыз етті |
|
|
|
|
Көрнекілік құралдары, цифрлық ресурстар тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланылды |
|
|
|
|
Білім алушылардың (тәрбиеленуші |
Тәрбиеленушілер (білім алушыларда) жоғары ынта, тұрақты қызығушылығы байқалды |
|
|
|
Тәрбиеленушілер (білім алушылар) белсенділік пен дербестік көрсетті |
|
|
|
|
Тәрбиеленушілер (білім алушылар) бір-бірімен нәтижелі өзара іс-қимыл жасады және ынтымақтастықта болды |
|
|
|
|
Тәрбиеленушілер (білім алушылар) өз қызметінің оң нәтижесіне қол жеткізуге қызығушылық танытты |
|
|
|
|
Бақылау-бағалау қызметі |
Педагог сабақтың (оқудың) барлық кезеңдерінде кері байланыс орнатып, оқу тапсырмаларын орындау процесін бағалады |
|
|
|
Білім алушылар (тәрбиеленушілер) өз қызметінің бағалау процесіне тартылды |
|
|
|
|
Педагог сабақты (оқуды) қорытындылады, тәрбиеленушілер (білім алушылар) қызметінің нәтижелерін қойылған міндеттермен байланыстырды |
|
|
|
|
Сабақты өзіндік талдау |
|
|
Қорытындылар___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Ұсынымдар______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Үздік педагог» атағын беру
қағидаларына 7-қосымша
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі |
|
Министерство просвещения Республики Казахстан
|
Куәлік Свидетельство
Мөр орны Министр аты, тегі
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына
8-қосымша
Муар таспасы