Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Білім туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. «Қарағанды облысының білім басқармасы», «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды облысының әкімі                                          Ж. Қасымбек

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд.: Г. Қожахметова

Тел.: 41 13 19

Дата публикации
17 мая 2021