Сайлау – болашақ үшін жауапкершілік!

Сайлау – болашақ үшін жауапкершілік!

Қарағанды ​​облыстық сайлау комиссиясының Жұмыс жоспарын іске асыру аясында 2025 жылғы 3 ақпан мен 8 ақпан аралығында облыста Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар өткізілуде.  Іс-шаралар Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын насихаттауға бағытталған.

Балқаш қаласында 5 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде «Сайлау тарихы - еліміздің тарихы, қаламыздың тарихы. История выборов - история страны, история города» тақырыбында қалалық сайлау комиссиясының мүшелерімен төрт колледждің студенттерімен (жалпы қамту 80 адамнан астам) кездесу өтті.

Бұл кездесудің мақсаты – 18 жасқа толған студенттерге тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы ақпарат беру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұмтылысты қалыптастыру.

Диалогтік алаңға қалалық сайлау комиссиясының мүшелері, сайлау жүйесінде көпжылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызмет ардагері Мейрхан Татибекович Татибеков, Ә.Ермеков атындағы мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Асель Мадельхановна Ешжанова және №8 округтік комиссияның төрағасы Даулет Асанханович Кожаков қатысты. Қазақстан Республикасы мен қаладағы сайлау тарихы тақырыбы ашылды.

№186 УСК төрайымы Т.Б. Әлкейге, №176 және 195 УСК төраға орынбасарлары Е.А. Камзабековке және Д.Г. Шмелевке, №198 учаскелік комиссиясының хатшысы М.А. Балғабаеваға қала әкімі                  С.К. Сатаевтың атынан  құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Кездесу соңында естелік сыйлықтарды табыстаумен викторина түрінде рефлексия өткізіліп, барлық кездесуге қатысушылар сұрақтарына және ұсыныстарына жан-жақты жауаптар ала алды.

Қызмет бағыты