Сайлау – болашақ үшін жауапкершілік.

Сайлау – болашақ үшін жауапкершілік.

 2024 жылдың 1 ақпанында 2005 жылы 14 – 17 қыркүйек аралығында Будапешт  қаласында өткен сайлауды ұйымдастырушылардың Жалпы конференциясы аясында бекітілген Дүниежүзілік сайлау күні  атап өтіледі.

   Осы күнге орай қалалық сайлау комиссиясының мүшелерімен Алихан Ермеков атындағы мектеп – лицейінде Балхаш қаласының ұстаздары және  жоғарғы сынып оқушыларымен  (жалпы саны 120) кездесу өтті.

      «Сайлау – болашақ үшін жауапкершілік» атты тақырыпта өткізілген кездесу лицейдің он бірінші сынып оқушылары, өзін - өзі басқару ұйымының үгіт – насихатшыларының жарқын ойлары мен пікірлеріне  негіз болды. Саналы көзқарасқа шақыруды, өз пікірін ашық айтуды және өзінің өмірлік ұстанымын дұрыс таңдауды әр баяндаушы өз сөздерінде айтып өтті! Қала мектептерінің республикалық, облыстық олимпиадалар мен байқаулары жеңімпаздарының  баяндамаларына Отансүйгіштік сезім, жақсы өмірге ұмтылыс, еліміздің болашағына деген жауапкершілік   сияқты түсініктер негіз болды. Мектеп директоры және сайлау комиссиясының мүшесі Алишева Шынаргуль Амангельдиновна өз сөзінде сайлау құқығы – бұл жауапты іс және де мемлекетіміздің   әр азаматының борышы екеніне басты назар аударды.

    Айтжанова Асем Бекеновна, сайлау жүйесінде көп жылдық тәжірибесі бар комиссия мүшесі, «Балқаш қаласының білім беру және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы өз сөзінде болашақ сайлаушыларға болашақ тағдырын қалыптастыру олардың өмірдегі құндылықтар мен басымдықтарға деген қатынасына байланысты екенін ескертті.

     Кездесу соңында кері байланыс жүргізілді. Конференцияға қатысушылар қалалық сайлау комиссиясының төрайымынан өз сұрақтарына толық жауап пен ұсынымдар ала отырып, сайлау сияқты  саяси оқиғаларға қатысудың маңыздылығын түсіндірді.

      Біздің ұрпағымыздың алдында – жаңа болашақ, жаңа ел!

Қызмет бағыты