Тәуелсіздік күні қарсаңында Саяқ кентінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, дәрігерлік амбулатория тұрғындарға өз есіктерін ашты.

Тұрғындар үшін бұл көптен күткен жаңалық, себебі, бұл оң өзгерістер жергілікті халықтың өмірі мен денсаулығына оң әсерін беретіні сөзсіз.

Науқастар игілігі үшін мұнда 3 дәрігер және 7 медбике жұмыс істейді. Мұнда пациенттерді қабылдау және медицина мамандарының жұмысы үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, физиотерапия және зертханалық зерттеулер жүргізу үшін заманауи жабдықтар сатып алынды.

Ауыл тұрғындары мұнда тіс дәрігерінің кабинеті де бар екеніне қуанды. Тістерді емдеу үшін оларға енді қалаға барудың қажеті жоқ.

Кент тұрғындары ғимаратты қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстарға қатысқандардың барлығына өз алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, қала әкімі кент тұрғындарымен кездесіп, су мәселесі, жылу, медицина жайлы мәселелерді қозғап, талқылады.
Кездесу соңы тұрғындармен жеке қабылдауда аяқталды.