Жергілікті "Коунрад" мыс компаниясы "Парыз" сыйлығының иегері атанды

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы "Парыз" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер арасында "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинациясы бойынша “Медная компания Коунрад” ЖШС (Директоры Семенченко Павел Тимофеевич) алтын жүлдеге ие болды.
Байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен айрықша белгілер (мүсіншелер) табыс етілді.
Сондай-ақ, конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл ішінде конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады.