2022 жылғы 17 қарашада Қарағанды облысындағы Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды.

2022 жылғы 17 қарашада Қарағанды облысындағы Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды.

Теміржол саласының ірі стратегиялық жобасын іске асыру басталды.

2022 жылғы 17 қарашада Қарағанды облысындағы Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды.
Жоба «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасына енгізілген.

Телекөпір режимінде құрылысты бастауға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пәрмен берді.

Ұзындығы 836 км болатын Достық-Мойынты учаскесі екінші желісінің құрылысы өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді (жүк пойыздарының 12 жұбынан тәулігіне 60 жұпқа дейін).

Осы бағытта қазақстандық экспорттаушылардың жүктерін тасымалдау мәселесі де оң шешімін табатын болады.
Жобаны іске асыру шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Құрылыста отандық өндіріс материалдарын (шпалдар, рельстер, трансформаторлар және т.б.) пайдалану жоспарлануда. Жергілікті қамту үлесі 80%-тен асады. Шамамен 3700 құрылысшы тартылады. Желіні пайдалануға бергеннен кейін теміржолда тұрақты жұмыс орындарымен 500 адам қамтамасыз етіледі.

Құрылысты 2025 жылдың 4-тоқсанында аяқтау жоспарланған.