Оқыту семинары
2026 жылғы 9 шілдеде Приозерск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Балқаш қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында интерактивті форматта дауыс беру күні туындауы мүмкін түрлі жағдайлар қарастырылып, сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының іс-қимыл алгоритмдері жан-жақты талқыланды.
Кездесуге қатысушылар сайлау процесін ұйымдастырудағы практикалық тәжірибелерімен алмасып, сайлауға дайындықтың өзекті мәселелерін талқылады және қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Өткізілген іс-шара учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.