Заң алдында бәрі тең — әділ сайлаудың негізі
2026 жылғы 27 қаңтарда «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Балқаш қалалық сайлау комиссиясы жұмысшы жастарға арналған «Заң алдында бәрі тең» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге судья Исабекова Л. О., аға прокурор Сәкен Ж., сайлауға белсенді қатысқан мемлекеттік қызмет ардагерлері, «Алау» жас сайлаушылар клубының мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Сындарлы диалог барысында заңның практикада, азаматтардың әділ сайлауға құқықтарын қорғау және ел болашағын қалыптастырудағы сайлауда жастардың азаматтық борышын орындаудағы жауапкершілігі туралы мәселе талқыланды!
Кездесу сайлау кезінде стандартты емес жағдайларда іс-әрекеттің заңдылығын қарау бойынша құқықтық практикуммен аяқталды.