Балқашта жыл басынан бері 900-ге жуық тұрғын онлайн форматта азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет алған
Балқашта жыл басынан бері 900-ге жуық тұрғын онлайн форматта азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет алған. АХАТ бөлімі 8 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Атап айтар болсақ, азаматтардың құқықтарын қорғау, азаматтық хал актілерін тіркеу, туу туралы куәлігін беру және тағы басқалары.
АСИЯ НАЙМАНБАЕВА - «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ АХАТ бөлімінің басшысы
🗣«АХАТ бөлімі ҚР Әділет Министрлігі бекіткен 2020 жылғы 28 мамырдағы «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес 8 мемлекеттік қызметті көрсетеді. Тіркеуші органдар, яғни АХАТ бөлімі Тууды, қайтыс болуды, неке /ерлі-зайыптылықты/ қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді».
Мемлекеттік қызметті электронды форматта алу үшін ЭСҚ болуы қажет. Тиісінше уақыт үнемделеді, кезекте тұруды болдырмайды, банктерге бармай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеп және өтінішті қолмен толтыру қажеттілігі жойылады.