«Balkhash Tourism-2019»
Өңірде туризм индустриясын дамыту мақсатында 2019 жылдың 13-15 маусым аралығында «Balkhash Tourism-2019» Халықаралық туристік форумы өткізілді. Оған 80-ге жуық туристік оператор өкілдері қатысты, оның ішінде ішкі туризмді дамытумен айналысатын Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағандыдан келген 19 туроператор бар. Ресейден форумға 16 туроператор, Моңғолиядан – турагенттіктердің екі өкілі, Гонконгтан - 1 өкіл келді.
Форумның тақырыбы – Балқаш көлінің акваториясында туризм индустриясын дамыту.
Форум бағдарламасы бойынша Балқаштың көрікті жерлеріне шолу экскурсиясы, «Жасыл аралға» теплоходтағы круиз, йога бойынша мастер-класс, «Balkhash sky» Әуе жыландарының фестивалі, «Денсаулыққа жол» жеңіл атлетика марафонының ашылуына қатысу, «Барковское», «Лазурный берег», «Нұр Бақыт», «Самал» демалыс аймақтарын қарау, сондай-ақ еркін микрофон түріндегі пленарлық отырыс және 5 бағыт бойынша мастер-кластар өткізілді.
Туристік форумның қорытындысы бойынша 49 екі орындық нөмірлі демалыс аймағын салуға кредиттік келісімге қол қойылды. Балқаш курорттық аймағының туристік нысандарын қарауға жеті жаңа өтінім берілді. Ақпараттық турдан кейін форумда алдын-ала 20 коммерциялық келісім жасалды.