Меню

Страницы

Статья

Ауданның 2019 жылдың қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Ауданның 2019 жылдың қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Өнеркәсіп   2019 жылдың қаңтар – қараша айларында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 68380,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (31974,4 млн. теңге) салыстырғанда өсім 213,8%. Нақты көлем индексі 152,8%.  Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 4 орта денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 4 кәсіпорынның өндірген өнімі 48026,5  млн. теңгеге жетіп, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 70,2% құрады. Оның ішінде: - «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 47471,0 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (21734,3 млн. теңге) 206,4 % орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 2976 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (2375 кг) салыстырғанда 125,3%.  - Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 507,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (478,5 млн. теңге) 126,9%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 559,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (549,9 мың тонна) 101,8%. - «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 39,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (142,8 млн. теңге) 28,5%. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда заттай түрде өндірілген сом еті 44,9%, мұздатылған балық 29,3%, балық ұны 2,3% орындалған, қақталған балық жоспары 0% (орындалмаған) . - Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 9,0 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9 млн. теңге) 100% құрады.  Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –       20353,9 млн. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 203,5% (9609,9 млн. теңге).  Ауыл шаруашылығы            Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 18018,3 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (13771,1  млн. теңге) 130,8%, нақты көлем индексі 102,2%. Аудан бойынша ет өндіру көлемі 8045,4 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7760 тонна) немесе  103,7%, сүт өндіру 29591,2 тоннаны немесе (28052,3 тонна) 105,5%, тауық жұмыртқасы 2151,1 мың дананы немесе (2081,4 мың дана) 103,3% өсті.  2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басының өсуі байқалады. Ірі қара 46509 бастан 51120 басқа немесе 109,9%, жылқы саны 23331 бастан 27057 басқа немесе 116%, құс 15455 бастан 15835 басқа немесе 102,5%,  қой-ешкі 98004 бастан 102190 басқа немесе 104,3%, өскен.   	Инвестиция Есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16415,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (9139 млн. теңге) салыстырғанда 179,6%. Нақты көлем индексі 170,4%. -	«Алтыналмас АК» АҚ-ның  9198,5 млн.теңге; -	«Балхаш – Сарышаған» ЖШС – 3361,5 млн.теңге; -	«Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 1663,1 млн.теңге; -	Ауылшаруашылығы бойынша – 506,1 млн.теңге; -	Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 553,8 млн.теңге; -	Өзге де қызметтер түрлерінен – 1132,6 млн.теңге.  Тұрғын үй құрылысы  Құрылыс жұмыстарының көлемі 8167,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (3934,9 млн. теңге) салыстырғанда 207,5%. Нақты көлем индексі 211%.  Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 5696 шаршы метр, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (5859 ш.м.) салыстырғанда  97,2%  құрады.                                                                                                                                                                              	Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен салық түсімдерінің көлемі 1613,6 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,4% құрады.  	 Кәсіпкерлікті дамыту Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1339 бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1296 субъекті) 103,3%.   Бөлшек сауда айналымының көлемі 1333,4 млн. теңге немесе 2018 жылдың сәйкес мерзімімен (1181,7 млн. теңге) салыстырғанда 111,9 %. Нақты көлемі индексі 106%.  Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 493 адам, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (139 адам)  354,7%. Жұмысқа орналастырылғандар саны 816 адам, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (782 адам)  104,3 %. Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 191 адам, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (191 адам) 100 %.  Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1374 адам, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (174 адам) 789,7%. Өсу себебі кедейшілік шегінің 14849 теңгеден 20789 теңгеге жоғарылауына байланысты.  	 Денсаулық саласы 2019 жылдың 10 айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 16,36 немесе 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (17,19)  95,2%.  Өлім коэффициенті 10 айда 7,11 немесе 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,98)  89,1%. Нәресте өлімі (анасының тіркелген жері бойынша) коэффициенті 1000 тірі туғандарға 10 ай бойынша 17,40 жағдай тіркелген. Шетінеген сәбилер саны 3 бала (Шабанбай би а/о -1, Шашубай кенті – 1, Жидебай а/о – 1).  Білім саласы Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 100%.   Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 648 адам, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 648 адам.  Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 100% -і қамтылып отыр.  Білім саласы бойынша оқушылар саны 2913, компьютер паркі 847 компьютерді құрады. 1 компьютерге 3,4 оқушыдан келеді.  Құқық қорғау саласы Аудан бойынша 11 ай қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 89, бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен (121) салыстырғанда 26,4% төмендеген. Ауыр қылмыстар 6 жағдайда тіркелген,  қылмысты ашу 44,4%.

Дата публикации
10 января 2020
Дата обновления
10 января 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
13 октября 2026
Итоги выдвижения
Направления
13 октября 2026
Итоги регистрации кандидатов
Направления
13 октября 2026
Места размещения агитационных печатных материалов

Социальные медиа

Ақтоғай ауданының баспасоз қызметі

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы