Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы 9-айлық қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы аудан әкімі С.Әбеуованың есебі
Құрметті аудан тұрғындары!
2 слайд Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен алға басуымыздың бес бағдарын және оны жүзеге асырудың жолдарын айқындап берді.
Еліміздің жаңа даму бағдарын айқындайтын экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар мемлекет басшысының бағдарламалары мен облыс әкімдігінің тапсырмалары аясында жүргізілуде.
Осы орайда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштерге келсек жалпы есепті мерзімнің қорытындысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты динамикасының сақталып отырғанын көрсетеді.
3слайд
Жыл басынан негізгі қорға тартылған ИНВЕСТИЦИЯ көлемі 14 млрд. 696 млн. теңгені құрады.
|
Алтыналмас АҚ – 3,5 млрд. «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 5,7 млрд. «Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 5,3 млрд Ауыл шаруашылығы – 225,6 млн. Өзге де қызмет түрлеріне – 49,5 млн. |
4слайд Аудан экономикасын дамытудың басты көзі болып табылатын өнеркәсіп кәсіпорындары ағымдағы жылы 140 млрд. 502 млн. теңгенің өнімдерін өндірді.
|
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 80 млрд 802,6 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 62,8% құрайды. |
5слайд Ауданға инвестиция тарту, тау кен өндірісін дамыту бағытында бірқатар ауқымды шаралар атқарылмақ.
2022 жылы «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС «Борлы» кен орнында катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыттың құрылысы жалпы құны 9 млрд.теңге қараша айында толық іске қосылып, 140 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
6слайд Шағын және орта бизнес
Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мейлінше көңіл бөліп жатқаны баршамызға мәлім. Мемлекеттік бағдарламалар, облыс және аудан әкімінің кәсіпкерлерді қолдау гранттары арқылы шағын бизнес өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету жалғасуда.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1561-ге жетті. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1427) 9,4% көбейген.
7слайд Жыл басынан аудан бойынша 8 кәсіпкерлік нысан ашылып, жұмсалған қаражат 13 млн 450 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, 1 кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 млн.теңгеге және аудан әкімінің грантын 13 жас кәсіпкер жалпы 7 млн.теңге грант иегері атанды.
Алдағы уақытта да аудандағы кәсіпкерлік ісіне жан – жақты жағдайлар жасай отырып, оны одан әрі дамыту жалғаса бермек.
8слайд Ауыл шаруашылығы — өңірді дамыту үшін аса маңызды сала, біздің экономикамыздың басым бағыттарының бірі. Мал шаруашылығы саласында да мал басы мен одан алынатын өнімдердің көлемінде өсім бар.
Ауыл шаруашылығының жалпы өндірген өнімі 20 млрд 329 млн теңгені құрады.
9слайд Үкіметтің қолдауымен ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар өз жемісін беруде. Нәтижесінде, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ет өндіру көлемі көлемі 6 419 тонна 7,8%, сүт өндіру 27 216 тонна 6,2%, тауық жұмыртқасы 1 882 мың дана орындалды, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал шаруашылығында да тұрақты өсім бар, ірі қара малы 12,6 пайызға, қой мен ешкі 6,2 пайызға, жылқы 14,2 пайызға, құс 2,7 пайызға артқан.
10слайд Мал шаруашылығын дамыту жобалары
Аудан бойынша облыстық индустриалдық картаға енген жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде:
Жобаға қолдау ретінде аудандық жер қорынан берілген 23,9 мың га ауылшаруашылық жері заңдастырылып рәсімделді. Өңдеу цехына қажетті қондырғылардың 50 % алынды.
Бұл жобалардың барлығы ұзақ мерзімді (2018-2026ж.ж.). қазіргі уақытта жоба жоспары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
11 слайд Ветеринария.
Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі айтылған жерде ветеринариялық қауіпсізді қамтамасыз ету міндеті тұр.
Ақтоғай ауылында өткен жылы жалпы құны 127 млн теңгеге ветеринариялық пункттің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
12слайд «Эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» бағдарламасын орындау мақсатында төрт түліктің аса қауіпті індеттеріне қарсы ветеринарлық алдын-алу және диагностикалық шаралар жоспарға сай жүргізілуде.
|
2022 жылдың диагностикалық зерттеулердің 1-ші жарты жылдық айының жоспары бойынша: Ірі қара мал жоспары 47825 бас, орындалысы 48011 бас, 100 %, Ұсақ мүйізді мал жоспары 86095 бас, орындалысы 83419 бас 95 %, Түйе малы жоспары 450 бас, орындалысы 450 бас 100 %, Жылқы малы жоспары 170 бас, орындалысы 170 бас, 100 %, Шошқа малы жоспары 60 бас , орындалысы 60 бас, 100 %, Еткоректілер жоспары 170 бас. орындалысы 170 бас, 100 %, Қошқар қарақапталы жоспары 2280 бас, орындалысы 1892 бас, 83 % |
|
Аудан бойынша барлығы 327 ит, 19 мысық ауланып жойылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жекелеген азаматтардың өтінішіне сәйкес жәргілікті әкімдіктер мен полиция өкілдері, ветеринария мамандарымен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. |
13слайд Құрылыс саласы – қашаннан да экономиканың негізгі іргетасы екендігі айқын. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған (440 адам) азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Шашубай кентінде 100-пәтерлік 5-қабатты түрғын үйді қалпына келтіру (761 млн.тг), Сарышаған кентінде тұрғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апатты жағдайдағы 70 пәтерлік 5-қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру (250 млн.тг) жұмыстары басталды.
Инженерлік инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында:
-Ақтоғай ауылындағы жаңа салынатын мөлтек ауданның су, кәріз, жылу жүйелерін, байланыс, абаттандыру жұмыстарына жалпы сомасы – 386,8 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды (Мердігер «ЛТД Спец строй груп» ЖШС).
-Ақтоғай ауылында экологиялық қауіпсіздікті және жер асты суларын қорғау мақсатында орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы басталды, жоба 2024 жылы пайдалануға беріледі. Жалпы жобаның құны 3 млрд.тенге. Бұған қоса, кәріз суын сақтау және тазарту қоймаларына қосымша жоба әзірленеді.
-Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы Кежек, Куаныш, Үшарал ауылдарында құрылыс жұмыстары жүруде.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы арқылы 2023 жылға жалғасатын Ақтоғай ауылындағы қолданыстағы стадионды қайта жаңарту жобасы бастау алуда. Жалпы соммасы 101 млн 915 мың теңге, 2022 жылға 97 млн 737 мың теңге қаралды. (Тапсырыс беруші «Қарағанды облысының құрылыс басқармасы». Мердігер «Град-Строй Сервис» ЖШС. Ашылатын жұмыс орны – 5)
14слайд Ауданымызда өзекті саланың бірі электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Электр энегриясын таратушы кәсіпорындарды ірілендіру мақсатында аудан төңірегіндегі электр желілерін иесіз мүлік деп танып, аудандық коммуналдық меншікке алған. Бүгінгі таңда құжаттары әзірленіп электр таратушы «ЖезРЭК» мекемесіне өткізу жұмыстары жүргізілуде.
|
Қазіргі уақытта Ақтоғай ауданың №79 электр желісінен қамтамасыз етілетін Сәуле, Үшарал, Жалаңаш, Ақтас, Қуаныш елді – мекендерінің электр желілері және Ақтас, Шабанбай би, Сарытерек ауылдарында орналасқан подстанцияларды сот шешімімен коммуналдық меншікке алуға жоғарғы сотқа жолданды. Сот шешімімен коммуналдық меншігіне берілген жағдайда бюджет есебінен нысандардың құқық орнатушы құжаттары әзірленіп «ЖезРЭК»АҚ –на ұсынылады. |
15слайд Жол қатынасы және жол жөндеу бойынша Республикалық маңыздағы «Алматы-Екатеринбург» тас жолымен тоғысатын Тасарал ауылының кірме жолға (2021-2022ж) 476 млн.тенге қаралып 13 шақырымына асфальт жабыны салынып толық аяқталды.
Ағымдағы жылға облыстық басқарма тарапынан «Балқаш-Ақтоғай- Ақсу Аюлы» автомобиль жолының 16 шақырымына және Ақтоғай-Балқаш бағытының 7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат көлемі 1 млрд.теңгені құрайды.
«Актогай-Шылым-Акжарык» бағытындағы жолға (10км) орташа жөндеу (ресайклерлеу) жұмыстарын жүргізу бойынша 2022 жылға 188 млн.тг қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер «РАЙС KZ». Асфальт жабынды жұмыстары 2023 жылы аяқталады.
«Балхаш-Ақжайдақ ст.» жолының 73 шақырымын қайта қалпына келтіру үшін құны 18 млдр.теңгеге жоба әзірленді, жөндеу жұмыстары 2023 жылы бастау алады.
Ауыл ішілік жолдарды орташа (349 млн.тг) және ағымдағы жөндеу (89 млн.тг) жұмыстары жүргізілуде.
16слайд
Жылыту маусымы бойынша
2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында 3 орталық жылу қазандығы, яғни Шашубай кенті 1 қазандық, Сарышаған кентінде 2 орталық қазандық жұмыс жасаса, 48 дана автономды жылу жүйесімен қамтылған әлеуметтік мәдени нысандар жұмыс жасауда.
Ағымдағы жылға орталық жылу қазандықтарының дайындығына жалпы соммасы 66,0 млн.теңге қаржы қаралған. Аталған қаржыға Сарышаған, Шашубай кенттерінің қазандық орнату және орналасқан қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарды және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы күнделікті бақылаудағы мәселе.
17слайд Жұмыспен қамту саласы
Кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің бірі тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыру.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» аясында аудан бойынша жоспарға сәйкес біршама жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа аудан бойынша 50 адам 63 млн 600 мың теңге өз жобаларын қорғап мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. Бұның ішінде 25 жас және 25 осал топ адамдары қамтылып отыр.
Жалпы жұмыс мәселесі бойынша 2022 жылы 746 адам өтініш білдірсе 689 жұмыссыз тұрақты, уақытша және мерзімді жұмыстарға орналастырылды.
Көші-қон бағдарламасы бойынша Айыртас ауылдық округіне 3 отбасы 12 адамға сұраныс (4 млн 429 мың тг) берілді.
2022 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 23 жас маман – 7 млн 45 мың тг көтерме жәрдемақы, 16 жас маман 72 млн тг жеңілдетілген тұрғын үйге несие алды.
18слайд Білім беру саласында өткен оқу жылы біршама өзіндік көрсеткіштермен аяқталды, осы жылы да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
|
Ауданның білім бөліміне қарасты 13 орта, 8 негізгі және 2 бастауыш мектепте 2928 оқушы білім алуда. Білім беру ұйымдарындағы компьютер паркі 1171 компьютерді құрап отыр. |
Жалпы сомасы 68 млн 751 мың теңгеге 9 мектепке 15 модификациялық кабинеттер (физио, химия, биология, STEM, шеберхана, түзету кабинеттері) алу үшін бюджеттен қаражат бөлінді.
Осы жылы білім беру ұйымдарының нысандары: 1 мектепке күрделі жөндеу, 5 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, аяқталды.
19 слайд Мәдениет және спорт
Жыл басынан мәдениет және спорт салалары бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, кестеге сәйкес ұйымдастырылуда.
Мәдениет саласының материалдық техникалық базасына баса назар аударылып, тиісті жабдықтармен толықтырылып, 2022 жылы жалпы аудандық бюджет арқылы 102 млн.тенге қаржы бағытталды. Оның ішінде, 1 ауылдық клуб үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 45 млн теңге, 1 ауылдың саябағын кайта жаңғыртуға 15 млн.теңге, «Тоқырауын толқындары» ансамбіліне микроавтобус алуға 21 млн.теңге, сондай-ақ дыбыс жазу студиясы және ауылдық клуб үйлеріне 59 дана ұлттық музыкалық аспаптар, сахна шымылдығы мен ұлттық киімдер алынды.
Бұқаралық спортты дамытуда да бірталай игілікті іс шаралар атқарылуда, мәселен кейінгі екі жылда ауылдық елді мекендерде 337 млн.теңге спорт алаңдары, хоккей кордтары, стрит-уоркауттар орнатылды. Кейінгі 3 жылда саланы дамытуда 12 спорт нұсқаушы штатпен толықтырылды. Спорт саласына жеткілікті көңіл бөлудің нәтижесінде аудан спортшылары жоғары жетістіктерге жетуде, атап айтқанда Италияда Кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында Сайлаубек Гаухар жеңімпаз атанса, асық атудан Қаржаубай Ерболат Румыния мемлекетінде әлем кубогының иегері атанды. Сондай-ақ қазақ күресінен Мауленқұл Темірлан ҚР жеңімпазы болды. Мұнымен қоса, аудандық ұлттық спорт құрамасы ел және облыс біріншілігінің жеңімпаз жүлдегерлері атануда.
20слайд Денсаулық сақтау мемлекеттік саясаттың жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі маңызды басымдық болып қала береді.
Халықтың денсаулығына әсер ететін тиімді шара – сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында осы салада біршама игі іс-шаралар атқарылуда.
Білікті маман дәрігерлерлерді тарту бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Өткен жылы тағы 7 маманмен толықса биыл 2 орта медициналық қызметкер жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ жергілікті билік тарапынан дәрігерлерге мейлінше әлеуметтік қолдау көрсетіле бермек. (Тұрғын үй, материалдық, тұрмыстық техникалар т.б.).
21слайд «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы арқылы Ақтоғай ауданының орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне (256 млн тг) және Шашубай кенті (80 млн тг) дәрігерлік амбулаториясының ішкі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
22 слайд
Атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған
міндеттер бойынша:
Ауданға шетелдік инвесторларды тарта отырып, алдағы 5 жылдықта ірі компаниялар кен байыту фабрикаларын іске қосу жоспарлануда:
2023 жылы жоғарыда айтып өткен «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауытын толық іске қосқанда, 140 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
2024 жылы «Балхаш ресурс» ЖШС жалпы құны 4,3 млрд.теңгеге темір және түсті металлургия зауытының құрылысын іске қосса, 300 жаңа жұмыс орындары ашылады;
2026 жылы «КазГеоРесурс» ЖШС жалпы құны 468 млн.теңге алтын өндіру зауытының құрылысы жоспарлануда, 112 жаңа жұмыс орындары құрылады;
2027 жылы «Сары арка Голд» ЖШС жалпы құны 3,8 млрд.теңгеге мыс пен молибден өндіретін зауыты іске қосылғанда, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады;
2027 жылы «Кэпитал тау инвест» ЖШС жалпы құны 17 млрд.теңге мыс өндіретін зауыт ашу жоспарлауда, 350 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Бұл жобалар толық қуатымен іске асырылғанда жаңадан 1 мыңнан аса жұмыс орындары ашылып, аудандық бюджет қосымша жыл сайын 1 млрд теңге көлемінде салық түсімдерімен толығады.
- Ақтоғай ауылы солтүстік-батыс мөлтек ауданына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру жұмысын аяқтау (су құбыры, кәріз құбыры, абаттандыру, жылу желісі қазандығымен, байланыс желісі)
"Констракшн Трэйнинг Ресурсес" ЖШС (386 млн 808 мың)
"КазЕвроСтрой" ЖШС (52 млн 533 мың тг)
«Life story Invest» ЖШС (2022 жылға 350 млн теңге)
«Life story Invest» ЖШС (2022 жылға 180 млн теңге)
бойынша орналасқан 100 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмысын аяқтау;
үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
(250 млн 600 мың тг)
- Ақтоғай (4 кезек), Ақжайдақ, Қарасу, Жетімшоқы, Жалаңаш елді мекендеріне ауыз су құрылысын бастау;
Құрметті жерлестер!
Әрине, әлі шешуді талап ететін мәселелер аз емес. Бүгінде ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы экономиканы одан әрі нығайту, Жаңа Қазақстан құру бойынша біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеді. Біз мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын тиісті мерзімінде орындауға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Ауданымыздың әрбір тұрғынының табысы мен өмір сапасының жақсаруы – біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші.
Елімізде жаңа сайлау науқаны басталды. 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс Президент сайлауы өткен тәжірибе мен болашақтың сын-қатерлерін ескере отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды қадам. Сондықтан баршаңызды алдағы өтетін саяси маңызды шарадан тыс қалмай, ұйымшылдық, белсенділік танытуға шақырамын!
Назарларыңызға рахмет!