
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық даму жолына түсті. Қоғамды одан әрі жаңғырту жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу, сондай-ақ жоғары білікті мемлекеттік қызметшілердің көмегінсіз елдің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі мүмкін емес екені сөзсіз.
Мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы жүйесі институционализацияладың басталуы Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Жарлығы болды, ол мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлық негізін сақтауға мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметті дамыту үшін негізін қалағанын айту жөн.
Біздің еліміздің дамуында мемлекеттік қызмет маңызды элементтердің бірі болып табылатыны анық, ал мемлекеттік қызметші болу мақтаныш пен үлкен жауапкершілік. Сондықтан, біздің мемлекет жас, өршіл азаматтарды мемлекеттік қызметке тарту үшін қажетті жағдайлар жасап жатқаны белгілі. Қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде уақытпен бірге болуымыз керек, сол себепті өзгерістер мемлекеттік қызметке де өз түзетулерін енгізуде.
Тәуелсіз мемлекеттің мақсаттарын іске асыру үшін мемлекеттік қызметке іріктеудің және кадрларды ілгерілетудің тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппараттың кәсібилік және ашықтық деңгейін арттыру, мемлекеттік органдарда меритократия қағидатының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда қабылданған реформалардың нәтижесінде мемлекеттік аппараттың моделі құрылды. Яғни, жаңа модель меритократия, тиімділік және қоғамға есеп беру қағидаттарына негізделеді.
Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруда мемлекеттік қызметкерлердің рөлі зор екені мәлім. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеттеріне лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру парызы болып табылады.
Ақтоғай ауданы әкімі аппаратында, кент, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратында және дербес бөлімдерде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілердің 129 штат бірлігі болса, оның ішінде 124 мемлекеттік қызметкерлер нақты жұмыс жасайды.
Аппарат-19, ауылдық округтер-69, дербес бөлімдер-41. Казіргі уақытта 5 орын бос.
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабына сәйкес аудан бойынша 2023 жылда 23 мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. (қатаң сөгіс-3, сөгіс –2, ескерту –18)
2023 жылда қызметтік әдеп нормаларын бұзған фактілер орын алмаған. (2022 жылы тіркелмеген).
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабына сәйкес 2023 жылға мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курсынан өту жоспар-кестелері бекітілді. Жоспар кесте бойынша ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалынан біліктілігін арттыру курсынан өтетін мемлекеттік қызметкерлердің саны 38, қайта даярлау курсынан өтетін мемлекеттік қызметкерлердің саны 4. Аталған жоспар-кесте бойынша біліктілігін арттыру курсымен қайта даярлау курсынан мемлекеттік қызметкерлер толығымен қамтылып, оқытылды.
Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық туралы ақпараттар бойынша «сенім телефонының» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған, ондағы телефон нөмірі аудан тұрғындарының назарына «Ақтоғай ажары» газеті арқылы жеткізілген.