2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизель отынының көлемін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден (АШТӨ) өтінімдер қабылдау

ҚР АШМ 2023 жылдың 13 ақпанындағы №137 бұйрығымен бекітілген «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына» сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдер gosagro.kz. сайтында 2024 жылдың 1 мамырынан бастап 2024 жылғы 20 мамырға дейінгі мерзімде қабылданады.