Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

2023 жылғы 24 сәуірде № 152 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы қабылданды.
Көрсетілген бұйрықпен Қағидаға бірқатар өзгерістер енгізілді, олардың негізгілері:
минералды тыңайтқыштарға субсидиялар алу үшін электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу жөніндегі талаптарды алып тастау;
2022 жылы сатып алынған тұқымдар, тыңайтқыштар және пестицидтер үшін өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 сәуірден - 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
Бұйрықпен толығырақ zan.gov.kz порталында танысуға болады (сілтеме: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/180152/kaz)
Субсидиялауға өтінімдерді қабылдау, жоғарыда көрсетілген Қағида нормаларына сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз.