Жәрмеңке өткізу туралы

Жәрмеңке өткізу туралы

2019 жылдың 14 желтоқсанында Қарағанды қаласында Құрылысшылар даңғылы 35/2, "Сары Арқа" супермаркетінде, Пришахтинск шағын ауданының «Буратино» СҮ-нің алдында және Майқұдықта «Ғасыр» базарының жанында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді.

Барлығы жәрмеңкеде 70 млн.теңгеге 120,0 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен бағамен сатылды.

Оның ішінде: 50 тонна ет, 4,0 тонна балық және балық өнімдері, 20 тонна көкөніс, 5,5 тонна сүт өнімдері, 30 тонна картоп, 60 мың дана тауық жұмыртқасы және 10 тоннадан астам басқа да өнімдер сатылды.