2020-21 жылдары жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Ауыл шаруашылығы жерлерінің деградациясын тоқтату мақсатында республикамызда алғашқы болып облыс бойынша тозған жайылымдарды қалпына келтіру жөнінде пилоттық жоба аясында, 2020 жылы Бұқар-Жырау ауданына қарасты төрт ауылдық округтердің (Жаңа-талап ауылдық округі (189 га), Ростовка ауылдық округі (200 га), Тегісжол ауылы (100 га) және Ботақара кенті (260 га)) тозған жайылымдық жерлерінің 749 гектарына нормативтік-технологиялық картаға сәйкес, 38,0 млн.теңге қаражатқа түбегейлі жақсарту іс-шаралары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2021 жылы бюджеттен 9,4 млн.теңге қаражат бөлініп, қосымша жұмыстар (минералдық тыңайтқыштарды енгізу (азықтандыру), арамшөптерді шабу және егістерді сақтау, күзету ) атқарылды.
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде облыста Парламент Мәжілісінің депудаттары Бердалин А. және Осин Ш. іс-сапарда болып, аталған округтерде жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен бірге жоғарғыдағы аталған жұмыстардың нәтижесімен танысып, талқылау жүргізіді.
Сонымен қоса, 10 мамырында ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, Бұқар-жырау ауданы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы және мердігер шаруашылықтың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, жаңартылған алқаптарға егілген көпжылдық дақылдарды малдың таптауынан қорғау мәселесі талқыланды.