АӨК саласындағы 2022 жылға арналған мемлекеттік қолдау шаралары
Ауыл шаруашылығын дамытуға жыл сайын субсидия түрінде мемлекеттік қолдау бөлінеді.
Республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді:
«Пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) құнын субсидиялау, зиянды және арнайы өңдеуге арналған қауіпті зиянкестер экономикалық шегінен жоғары зиянды бағдарламалар мен карантиндік объектілер» бағдарламасы бойынша 1,6 млрд.теңге бөлінді.
«Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен қосымша 528 000 мың теңге бөлінді.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен қосымша 1 904 996 мың теңге бөлінді.
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу» бағдарламасы бойынша 4 984 503,0 мың теңге қаражат қарастырылған.
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай – ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» қосымша 1 552 904 мың теңге қарастырылған.
«Ішкі нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау» жаңа бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 401 048 мың теңге бөлінді.
Сондай-ақ, «Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін кредит беру» жаңа бағдарламасы бойынша 3 023 758 мың теңге бөлінді
Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға беріледі. Бағдарламаны іске асыру ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, жұмыссыздық деңгейі төмендейді.
2022 ж. - 596 бірлік , сомасы 3 023 758 мың теңге, бөлінді.